Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15-2 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Концессиялар туралы
15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу

Ескерту. 15-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Бюджет комиссиялары инвестициялық ұсыныстарға берілетін экономикалық қорытындыларға сәйкес мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады. 

2. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді. 

Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады. 

3. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс (аукцион) өткізілген жағдайда әлеуетті концессионер не екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс (аукцион) өткізілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. 

4. Техникалық-экономикалық негіздеме пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды. 

Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгертілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасайды. 

5. Концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық (аукциондық) құжаттамасына қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға сараптама жүргiзу үшiн жiбередi. 

6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады. 

7. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым және осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар концессиялық жобаны iске асыру бойынша ұсынылатын шешiмдерге сараптаманың сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді. 

9. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген, тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді. 

11. Жоба бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессия шарты жасалмаған концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптамалар қорытындыларының күші жойылды деп есептеледі. 

Ескерту. Заң 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 15‑1 15‑2 16 17 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться