Ст. 30-1 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573
Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру
1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпаратты мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған кезде ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де кредиттік бюроларға береді. 2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер жөнінде кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:
1) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4-1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4-2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
4-3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы ақпарат, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ақпарат);
4-4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері туралы ақпарат (немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);
5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;
6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;
7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);
9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.
4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.
5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.
6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.
Ескерту. 30-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру
1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.
2. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есеп банк шығарған әрбір кепілдік немесе әрбір кепілгерлік бойынша жеке қалыптастырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Лицо, выполнившее все условия процессуального соглашения, может быть освобождено от уголовной ответственности.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей