Ст. 9 Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214
Шаруа немесе фермер қожалығы туралы
9-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесi
1. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi бiрыңғай алқап болып берiледi, бұған жекелеген жер учаскелерi мен ауыл шаруашылық алқаптары топырақ сапасы бойынша құндылығы жағынан салғастыруға келмейтiн (азық дайындау шектеулi болатын, мал жайылымдарын пайдаланудың маусымдылығы айқын бiлiнетiн суармалы жер аймағындағы) жерлер қосылмайды. 2. Шаруа немесе фермер қожалығына берiлген жер учаскесi ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк меншiк (ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк жер пайдалану) құқығында болады.
3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы бар шаруа немесе фермер қожалығы оны иелену, пайдалану және билiк ету құқығын өз қалауынша, мемлекеттiк органдардың қандайда бiр рұқсатын алмай жүзеге асырады.
Уақытша жер пайдалану құқығы бap шаруа немесе фермер қожалығы көрсетiлген құқықтарды уақытша жер пайдалану туралы шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Шаруа немесе фермер қожалығы жеке меншiк құқығындағы жер учаскесiне қатысты, соның iшiнде толық құнына сатып алынған жер учаскесi бойынша - ол мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап және жеңiлдетiлген бағамен сатып алынған жер учаскесi бойынша - ол жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының төмендеген әрбір он пайызы үшін екі жылды құрайтын, жер учаскесімен мәміле жасасуға шек қою мерзімі өткен соң, нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасай алады.
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы осындай құқықты сатып алмастан, кепілге, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде берілуі мүмкін.
4. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы шаруа немесе фермер мүлкiнiң құрамына кiредi, онымен ол өз мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстарға және шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар мен шаруашылық-тұрмыстық қора-жайлар салуға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер және көпжылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды.
Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерінен төмен учаскелерге, алаңдарға бөлуге жол берілмейді.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.12.29 N 512, 2009.07.10 N 180-IV, 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей