Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15-1 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Мәдениет туралы
15-1-бап. Кәсібінің өзіндік ерекшелігі бар мәдениет ұйымдары әртістерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау

1. Мемлекет мәдениет ұйымдарының балет әртістерін балет әртісі лауазымындағы бір жұмыс орнынан соңғы үш жылдағы балет әртісінің орташа айлық жалақысының алпыс пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерден "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары ұстап қалынады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. 

2. Кемінде жиырма жыл кәсіптік еңбек қызмет өтілі болған кезде, балет әртісі ретінде кәсіптік қызметін тоқтатқан мәдениет ұйымдары балет әртістерінің ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді алуға құқығы бар. 

"Балет әртісі" біліктілігі берілген тиісті хореографиялық білімі бар, лауазымдық міндеттеріне хореографиялық партияларды орындау кіретін және кәсіби ұжымдарда, опера және балет театрларында, музыкалық және музыкалық-драмалық театрлар мен концерттік ұйымдарда штаттық кестеге сәйкес "балет әртісі" лауазымын атқаратын әртіс балет әртісі болып табылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді жүзеге асыру тоқтатылады. 

4. Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...14 15 15‑1 16 17 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться