Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Магистральдық құбыр туралы
25-бап. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну немесе қайта өңдеу, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспортқа транзиттеу және тасымалдау үшін өнімді магистральдық құбыржолмен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну магистральдық құбыржолдың меншік иесі не магистральдық құбыржолға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген оператор мен өнімді жөнелтуші арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер жөнелтушілерге магистральдық құбырлар жүйесінде мұнай тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесіне сәйкес ұсынылады. 

3. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау кезінде есепке алу өнім тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шартқа, оператордың ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 

3-1. Мұнай тасымалдауға арналған магистралдық құбырлар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға тиіс.

4. Оператор магистральдық құбырмен тасымалданатын өнімді маршрут соңындағы алушыға өнім тасымалдау кезіндегі техникалық шығындарды шегере отырып тапсырады. 

5. Алушы табиғи зілзалалармен, апаттармен және алушыға тәуелді емес өзге де жағдайлармен байланысты жағдайларды қоспағанда, өнімді алудан бас тартуға құқылы емес. Газдың экспорты мен транзиті жағдайларын қоспағанда, егер өнімді тасымалдау кезінде алушы оны толық көлемде қабылдай алмаса немесе егер жөнелтуші түпкілікті алушыны көрсете алмаса, онда техникалық мүмкіндік бар болған кезде, өнім операторға жауапкершілікпен сақтауға берілуі мүмкін. Бұл ретте алушы немесе жөнелтуші өнімді сақтауға байланысты шығыстарды өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шартта ескертілген талаптарға орай төлеуге міндетті. 

Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

6-тарауды 25-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...23 24 25 25‑1 26 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться