Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
25-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу, есепке алу және сақтау

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң жүргiзуiнде болады.

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиiстi органдарында тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады. 

3. Қазақстан Республикасының атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түпнұсқалары немесе депозитарий ресми куәландырған көшiрмелерi оларға қол қойылған күннен немесе ресми куәландырылған көшiрмелерi депозитарийден алынған күннен бастап екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Pecпубликасының Сыртқы iстер министрлiгiне сақтауға тапсырылады, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелерін (депозитарий ресми куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелері негізінде) оларды жасасқан тілдерде оларға қол қойылған немесе депозитарийден алынған күннен бастап екi апта мерзiм ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тұрақты түрде сақтау үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi орталық мемлекеттік органдарына таратады. 

4. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түпнұсқалары Қазақстан Республикасының тиісті орталық мемлекеттік органдарының мұрағаттарында сақталады. Осы халықаралық шарттардың ресми куәландырылған көшірмелері оларға қол қойылған не ресми куәландырылған көшірмелері депозитарийден алынған күннен бастап екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолданады.

 Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться