Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Микроқаржы ұйымдары туралы
16-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер

1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады: 

1) қызметін осы Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3, 5 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды бұза отырып жүзеге асырған; 

2) пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу; 

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбау; 

4) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) әкімшілік жауаптылыққа тартылу; 

5) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамау; 

6) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге кедергі келтіру; 

7) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзу; 

8) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттың анықталуы. 

2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізіледі: 

1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданысының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тоқтата тұрылуы; 

2) қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру; 

3) уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау; 

4) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру; 

5) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тартылу; 

6) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау; 

7) микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; 

8) қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдау. 

Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтатуға өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемесін орындауға тиіс. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттеменің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі; 

9) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге екі реттен артық кедергі келтіру. 

3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау кезінде мыналар: 

1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің сипаты және олардың салдары; 

2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің ауқымы мен маңыздылығы және олардың салдары; 

3) бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы; 

4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайына ықпалы; 

5) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер; 

6) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы ескеріледі. 

4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату мынадай жағдайларда: 

1) микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап; 

2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі." 

5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді. 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мұндай шешім микроқаржы ұйымының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі. 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. 

6. Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалады. 

Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне шағым жасау мұндай шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды. 

7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті. 

8. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылған не оның қолданысы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 

9. Микроқаржы ұйымы уәкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы", "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. 

Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14‑1 15 16 17 18 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться