Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25-1 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Микроқаржы ұйымдары туралы
25-1-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсаты

1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру уәкілетті органның рұқсатымен микроқаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. 

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат берумен бір мезгілде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен рұқсат және келісім береді. 

2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсаттың уәкілетті орган банкке банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады. 

3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсаттың мынадай: 

1) микроқаржы ұйымы өзге нысанда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған; 

2) сот микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған; 

3) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында көзделген тәртіппен банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алынбаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен бұрын берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп есептеледі. 

Ескерту. 3-тарау 25-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...24 25 25‑1 25‑2 25‑3 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться