Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 28 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Микроқаржы ұйымдары туралы
28-бап. Микроқаржы ұйымына қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері

1. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымы пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзған, микроқаржы ұйымының лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, Қазақстан Республикасы заңдарының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталмаған кезде, осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады. 

Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсініледі. 

2. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде микроқаржы ұйымына мынадай шектеулі шараларды қолдануға: 

1) орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге; 

2) жазбаша ескерту шығаруға;  

3) жазбаша келісім жасауға құқығы бар. 

Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған микроқаржы ұйымына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. 

Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.  

Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 

Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасының заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның микроқаржы ұйымына осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады. 

Жазбаша келісім уәкілетті орган мен микроқаржы ұйымының арасында анықталған бұзушылықтарды дереу жою қажеттілігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін микроқаржы ұйымы өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жасалады.  

Жазбаша келісім микроқаржы ұйымының қызметінде қаржылық жай-күйді жақсарту бойынша тиімді үйлестірілген шаралар қолдануды талап ететін қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалуы қажет. Жазбаша келісімде микроқаржы ұйымының басқару органы және (немесе) атқарушы органы алдағы уақытта кемшіліктерді жою, қаржылық жай-күйді жақсарту бойынша қолданатын іс-қимылдар мен олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге қол қоя отырып, микроқаржы ұйымы оның шарттарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды. 

Жазбаша келісімге микроқаржы ұйымы тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс. 

3. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті. 

Егер бұзушылықты жою үшін белгіленген мерзім бір айдан асатын болса, микроқаржы ұйымы орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы уәкілетті органды ай сайын айдың жиырмасына дейін хабардар етеді. 

Бір шектеулі ықпал ету шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда басқа шектеулі ықпал ету шараларының қолданылуын жоққа шығармайды, бұдан бұрын қабылданған шаралардың қолданылуын тоқтата тұрмайды және тоқтатпайды. 

4. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымына осы Заңның 16-бабында белгіленген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолданады. 

5. Уәкiлеттi органның микроқаржы ұйымына осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

6. Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган өзінің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін. 

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
29-бап. Микроқаржы ұйымының қызметін тексеру 

1. Микроқаржы ұйымының қызметiн тексерудi уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырады. 

2. Микроқаржы ұйымы уәкiлеттi органның тексеруге берген тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдемдесуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерден жауап алу мүмкiндiгiн және тексерудi орындауға қажеттi кез келген ақпарат көзіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мiндеттi. 

3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне микроқаржы ұйымының қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi тұлғаларға беруге тыйым салынады. 

4. Тексерудi жүзеге асыратын адамдар микроқаржы ұйымының қызметiн тексеру барысында алынған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-1-тараумен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться