Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы
11-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы туралы шешім қабылдау тәртібі

1. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы туралы мәселені қарау үшін халықаралық ұйымның шешімі және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негіздер болып табылады.

2. Бітімгершілік операцияға әскери персоналдың қатысуы үшін:

1) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне әскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді, келіссөздер жүргізеді, бітімгершілік қызмет мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және әріптес мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасайды;

2) әскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне қажетті шығыстар туралы қорытындымен, әскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы үшін оны қаржыландыру көздерін көрсете отырып, қосымша қаражат бөлу туралы шешімнің негіздемесімен бірге ұсыныс енгізеді.

Ұсыныста бітімгершілік операция жүргізу аймағы (ауданы), міндеттер, жалпы саны, қару-жарақтың түрі мен құрамы, мүлік, бағыныстылық, болу мерзімі, ауыстыру тәртібі, шығару, бітімгершілік операция жүргізу орнына және кері қарай тасымалдау шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ нақты бітімгершілік операцияға байланысты басқа да ақпарат қамтылуға тиіс.

3. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 5) тармақшасына сәйкес қабылданады.

4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешімнің негізінде әскери персоналды бітімгершілік операцияға қатысу үшін жібереді.

5. Бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы үшін:

1) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және басқа да мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісу бойынша сыртқы саяси орындылығын қарау және халықаралық ұйымдармен және (немесе) аумағында бітімгершілік операция жүргізілетін әріптес мемлекеттермен келісу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы туралы ұсыныс енгізеді;

2) бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы туралы ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы және қосымша қаражат бөлу туралы қаржыландыру көздерін, бітімгершілік операция жүргізу аймағы (ауданы), міндеттер, жалпы саны, мүлік, бағыныстылық, болу мерзімі, ауыстыру тәртібі, шығару, бітімгершілік операция жүргізу орнына және кері қарай тасымалдау шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ нақты бітімгершілік операцияға байланысты басқа да ақпаратты көрсете отырып шешім қабылдайды;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (ұйымдары) Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің негізінде тиісті азаматтық персоналды бітімгершілік операцияға қатысу үшін жібереді.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться