Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
11-бап. Мәлiметтер құпиясы

1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәлiметтер:

1) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерi деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға;

2) заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;

3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;

3-1) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;

3-2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;

3-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

3-4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;

3-5) заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға;

3-6) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға;

3-7) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;

3-8) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына;

3-9) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де реттерде мәлiметтердi беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.

2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен беріледі.

3. Жеке және заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi жоғалтуға, сол сияқты қызметтiк iс-әрекетiне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын адамдардың оларды заңсыз өзгертуiне жол берiлмейдi.

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться