Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi

Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы Басқарма болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

1) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымы айқындалатын, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;

2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарға ресми бағамын белгілеу қағидаларын;

3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;

4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;

5) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;

6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;

7) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
8) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын;

9) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алып қою қағидаларын;

10) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

10-1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу сомаларының шекті мөлшерлерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақша алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін;

10-2) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларын бекітеді, оларда, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алу шарттары айқындалады, сондай-ақ нысандарын, тізбесі мен ұсынылу мерзімдерін қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тәртібін;

11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек ғана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;

12) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды;

13) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары белгіленетін, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын;

14) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;

15) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

16) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

17) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

18) операторы Қазақстанның Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын;

19) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

20) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;

21) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
22) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
23) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;

25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтерімен операциялар жүргізуі қағидаларын;

26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын;

27) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;

28) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;

29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

30) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
31) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
32) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
33) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
34) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
35) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
36) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
37) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын;

39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;

40) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
41) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;

43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;

44) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;

45) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
46) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
47) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;

48) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;

49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

50) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

51) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;

52) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

52-1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын;

52-2) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;

52-3) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

52-4) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;

52-5) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын;

52-6) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;

52-7) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;

52-8) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;

52-9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;

53) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын;

54) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
55) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
56) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
57) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
57-1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын;

58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын;

59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

59-1) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын;

60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;

61) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын;

62) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;

63) барлық қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк-құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;

64) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;

65) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын, қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiкті ұсыну және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларын;

65-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
65-2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдары және олардың ірі қатысушылары, банктік холдингтер, банк конгломераттары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру тобы, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, кредиттік бюро және коллекторлық агенттіктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін;

66) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
67) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;

68-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды және коллекторлық агенттіктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын реттеу, бақылау және қадағалау, ақша-кредит статистикасы мен қаржы нарығы статистикасын қалыптастыру мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;

69-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;

69-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеуі өлшемшарттарын және оларды қарау тәртібін;

70) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері туралы есепті;

71) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау немесе қайта айырбастау қағидаларын;

72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;

73) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;

74) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;

75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;

76) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;

77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;

78) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
79) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;

80) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;

81) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
82) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;

83) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
84) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
85) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;

86) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
86-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
86-2) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
86-3) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
87) алып тасталды - ҚР 13.03.2017 № 53-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
88) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік-құқықтық актілерін бекітеді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

1) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдайды;

2) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2-1) инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді;

3) ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді;

4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде, оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртiбiн белгiлейді;

4-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны (нысаны) өзгерген кезде олардың қатар айналыста болу кезеңін белгілейді;

5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және дизайнын айқындайды;

6) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау тиражын, қорытпасын, шығарылатын мерзiмдерi мен күнiн айқындайды;

7) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді;

8) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталдардың мөлшерін және оларды қалыптастыру тәртібін белгілейді;

9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді, олардың құрылымын қоса алғанда, басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды;

10) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;

11) Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;

12) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;

13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;

13-1) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн бекiтеді;

14) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiтеді;

15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;

16) Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның ведомстволары мен ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын және Қазақстан Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметкерлерiн әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;

17) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару бойынша шешiмдерді жедел қабылдау өкiлеттiгiне кiретiн, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды адамды (өкiлеттi өкiл) айқындайды;

17-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына енгізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын адамдарға қойылатын талаптарды бекітеді;

18) төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулi ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;

19) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды беру туралы мәселені қарайды;

19-1) дербес өзі не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;

20) ұйымдарды құру, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу туралы шешімдер қабылдайды;

21) осы Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;

21-1) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;

21-2) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекітеді;

21-3) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;

22) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;

23) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;

23-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетелдік кастодиандарды айқындайды;

23-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;

23-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;

23-4) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;

23-5) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;

23-6) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;

23-7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын бекітеді;

23-8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі операцияларды есепке алу бойынша есепке алу саясатын бекітеді;

24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды және өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 53-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...74

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться