Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 101-4 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
101-4-бап. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша шешім қабылдау

1. Тікелей келіссөздер негізінде техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу туралы не оларды жасасудан бас тарту туралы шешім өтінім берушінің келісімшарт немесе шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін куәландыратын деректер негізінде қабылданады. 

2. Тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі жұмыс тобының барлық қатысып отырған мүшелері қол қоятын тікелей келіссөздер хаттамасымен ресімделеді. 

Тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда, тікелей келіссөздер хаттамасына өтінім беруші немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды. 

Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша шешім қабылданған күн деп есептеледі. 

Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтінім берушіні тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті. 

3. Тікелей келіссөздер негізінде техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіру немесе техногендік минералдық түзілімдерді өзге де пайдалану құқығын өтінім берушіге беру туралы шешім қабылданған жағдайда, техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шарт өтінім беруші қабылданған шешім туралы хабардар болған күннен бастап он күн мерзімде жасалады. 

10-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР КӨЛІГІ


Ескерту. 10-тарау алып тасталды - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

11-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЖЕР
ҚОЙНАУЫН ҰТЫМДЫ ӘРІ КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ, ХАЛЫҚТЫҢ
ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Статья 1 ...101‑2 101‑3 101‑4 107 108 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться