Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
20-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган: 

1) жер қойнауын геологиялық зерттеу мен кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

2) осы Заңның 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттар береді және оларды қайтып алады; 

3) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын бередi, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасады, олардың мемлекеттік тіркелуін, сақталуын және орындалу мониторингін жүзеге асырады; 

4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

5) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалар қорларын бекітеді; 

6) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді; 

7) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалардың көрініс-белгілерінің, қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді; 

8) тарихи шығындар көлемін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындайды; 

9) геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 

9-1) барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпаратты өтініш берушіге пайдалануға береді; 

10) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

11) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына, оның ішінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар (шарттар) талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады; 

12) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеуді жүзеге асырады; 

13) құзыреттi органға конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгiзедi; 

14) минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; 

15) геологиялық және тау-кендік бөлулерді береді; 

16) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын ұйымдастырады және жүргізеді; 

17) келісімшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келіседі; 

18) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерінің негізінде жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады; 

19) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізеді; 

20) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

21) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

22) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

23) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

24) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

25) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

26) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

27) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссияның ұсынымдары негізінде жобалау құжаттарын бекітеді; 

28) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

29) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

30) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жоба-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртібін бекітеді; 

31) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргізу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекітеді; 

32) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

32-1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекітеді; 

32-2) тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін бекітеді; 

32-3) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу тәртібін бекітеді; 

32-4) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді; 

32-5) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін бекітеді; 

32-6) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді; 

32-7) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстың есебінен шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

32-8) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру тәртібін бекітеді; 

32-9) жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау тәртібін бекітеді; 

32-10) Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу тәртібін бекітеді; 

32-11) келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын бекітеді; 

32-12) Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекітеді; 

33) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться