Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 61 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
61-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың түрлері

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін келісімшарттардың мынадай түрлері: 

1) барлауды жүргізу үшін – барлауға арналған келісімшарт; 

1-1) барлау құқығы оңайлатылған тәртіппен берілетін тұлғаның барлау жүргізуі үшін – барлауға арналған үлгілік келісімшарт; 

2) өндіруді жүргізу үшін – өндіруге арналған келісімшарт; 

3) бірлескен барлау мен өндіруді жүргізу үшін – бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт; 

4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды жүргізу және (немесе) пайдалану үшін – барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарт; 

5) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу үшін - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) қолданылады. 

Келісімшартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату осы Заңға сәйкес жүргізіледі. 

2. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) және барлауға арналған үлгілік келісімшартты қоспағанда, келiсiмшарт құзыретті орган бекiтетiн жер қойнауын пайдалану түрлерi бойынша модельдiк келiсiмшарттарда көзделген нысан мен мазмұн бойынша жасалады. 

Келісімшартта мынадай шарттар қамтылуға тиіс: келісімшарттың мақсаты, келісімшарттың қолданылу мерзімі, келісімшарттық аумақ, құпиялылық, еңсерілмейтін күш. 

Келiсiмшарт: қол қойылатын бонусты төлеудiң мөлшерi мен шарттары жөніндегі; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi мен шарттары жөніндегі; кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша оқытуға жіберілетін шығыстардың мөлшерi жөніндегі; жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергiлiктi қамту жөніндегі; мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылған шетелдiк персоналға қатысты алғанда қазақстандық персонал үшiн еңбекке ақы төлеудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі; тарату қоры жөніндегі; Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгiленген шығыстардың мөлшерi жөніндегі мiндеттемелерге қатысты ерекше шарттарды да қамтуға тиiс. 

Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылатын кадрлардың жалпы санынан, оның ішінде жылдар бойынша пайыздық қатынасты қамтуға тиіс. Жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың мөлшері жөніндегі міндеттемелер сатып алынатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердің) жалпы санынан пайыздық қатынасты қамтуға тиіс. 

Бұрын келiсiмшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесiне келiсiмшарт жасалған жағдайда, жаңа жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын келiсiмшарт, осы Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес берiлген мүлiктiң құнын қоса алғанда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы және сенiмгерлiк басқарушы бұрын жүргiзген шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерді, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарушыға сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемені қамтуға тиiс. 

Келiсiмшарт талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзi қабылдаған, оның iшiнде жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі, келiсiмшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерiн қамтуға тиiс. 

Көмiрсутек шикiзатын өндiруге арналған келiсiмшарт жер қойнауын пайдаланушының iлеспе газды қайта өңдеу (кәдеге жарату) жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтуға тиiс. 

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорлары бар кен орнын тапқан жағдайда, осындай кен орындарына қатысты өндіруге арналған келісімшарт ережелері осы Заңның 71-бабының 4-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірін қамтуға тиіс. 

Келiсiмшарт басқа да ережелердi қамтуы мүмкiн. 

2-1. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшартта тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерге қатысты ерекше шарттар да, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі өзі қабылдаған мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсiмпұлдардың) мөлшерi қамтылуы мүмкін. 

Осы тармақтың ережелері осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады. 

3. Келiсiмшарт талаптарының Қазақстан Республикасы үшiн тиiмдiлiгi тiкелей келiссөздер қорытындылары бойынша не тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныста немесе аукционға қатысу үшін өтінімде белгiленген талаптардан төмен болмауы керек. 

4. Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша стратегиялық маңызы және (немесе) күрделі геологиялық құрылымы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты ғана жасалады. 

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе: 

барлауды жүргізу кезеңінде мұндай келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңдарында барлауға арналған келісімшарт үшін көзделген ережелер қолданылады; 

кен орны табылып, бағаланғаннан және тиісті жобалау құжаттары белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған айрықша құқықтың негізінде келісімшартқа өндіру сатысымен байланысты өзгерістер енгізіледі, содан соң мұндай келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңдарында өндіруге арналған келісімшарт үшін көзделген ережелер қолданылады. 

5. Геологиялық немесе тау-кендік бөлу және жұмыс бағдарламасы, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттарды (шарттарды) қоспағанда, келісімшартқа міндетті қосымшалар болып табылады. 

6. Келісімшарттардың талаптарында Қазақстан Республикасы құқығының келісімшарттар бойынша қолданылатын құқық болып табылатыны міндетті түрде көзделуге тиіс. 

7. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Келісімшарт тараптарының келісімі бойынша келісімшарттың мәтіні өзге тілге аударылуы да мүмкін. 

8. Жер қойнауын пайдаланушылардың, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды құзыретті орган жүзеге асырады. 

Кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдаланушылардың барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар талаптарын орындауын бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 

Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыретті орган, ал кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттарға қатысты - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жазбаша түрде хабардар ете отырып, жер қойнауын пайдаланушының белгіленген мерзімде мұндай бұзушылықты жою жөніндегі міндетін атап көрсетеді. 

Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі міндеттемелердің физикалық көлемі бойынша жазбаша хабарлама алынған күннен бастап – алты айдан, қаржылық міндеттемелер бойынша – үш айдан, келісімшарттың өзге талаптары бойынша бір айдан аспауға тиіс. 

Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы мұндай ұзартудың себептерін негіздей отырып ұсыныс жіберуге құқылы. Келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган он күн мерзімде жер қойнауын пайдаланушыны мұндай мерзімді ұзартуға келісім беретіндігі туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан уәжді бас тартуын береді. 

Осы тармақта айқындалған мерзімде келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою анық мүмкін болмаған жағдайда, құзыретті орган осындай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзімді белгілеуге құқылы. 

9. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жасалады. 

Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...59 60 61 62 63 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться