Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 68 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
68-бап. Келісімшартты жасасу және тіркеу

1. Келісімшарт құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді. 

Құзыретті орган келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізеді және келісімшарттың сақталуын қамтамасыз етеді. 

Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар да келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізіліміне тиісті жазбалар енгізу арқылы құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезінен бастап күшіне енді деп танылады. (1-тармақ 20.11.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) 

2. Барлау жүргізу үшін келісімшарт жасасу мерзімі құзыретті орган келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған және келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға үшін - тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңімпазы болған тұлға үшін конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиіс. 

Өндіруді жүргізу үшін келісімшарт жасасу мерзімі құзыретті орган келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған және келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға үшін - тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңімпазы болған тұлға үшін конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма төрт айдан аспауға тиіс. 

Егер конкурстың жеңімпазы немесе келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға құзыретті органға келісімшарт жасасу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгініп, мұндай ұзартудың себептерін дәлелдесе, құзыретті орган келісімшарт жасасу мерзімін ұзартуы мүмкін. 

Егер келісімшарт жасасуға үміткер тұлғаның кінәсінен келісімшарт белгіленген мерзімде жасалмаса, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте осындай тұлға геологиялық ақпаратты сатып алуға, жобалау құжаттарын, жұмыс бағдарламаларын және келісімшарт жобасын әзірлеу мен келісуге жұмсаған шығындар өтелуге жатпайды. Құзыретті орган жер қойнауының тиісті учаскесін осы Заңда белгіленген тәртіппен конкурсқа шығаруға құқылы. 

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарының, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалардың нәтижелерін алу негізінде жасалады. 

4. Келісімшарттың көшірмесі оны құзыретті органда тіркегеннен кейін міндетті түрде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі. 

5. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) мәжбүрлеп алып қою жағдайларын қоспағанда, келісімшарт жасасу жер қойнауын пайдаланушы өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесін ресімдеуі үшін негіз болып табылады. 

Үшінші тұлғалардың меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте ресімделетін жер учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушының жер учаскесін нақты пайдалану мерзімдері шегінде жер үстін бұза отырып, іс жүзінде пайдаланатын аумағымен шектеледі. 

6. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар жасасуды және тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. 

Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...66 67 68 69 70 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться