Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 76 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері

1. Жер қойнауын пайдаланушы: 

1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға; 

2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 

3) келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға; 

4) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға; 

5) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап барлауды немесе өндіруді жүргізуге кірісуге; 

6) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға; 

7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық схемалардың ережелерін сақтауға; 

8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға; 

9) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға міндетті. 

Осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға ғана осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады; 

10) егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді міндетті түрде тартуға; 

11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша жұмыскерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге; 

12) Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыруды келісімшартқа сәйкес жүзеге асыруға міндетті. 

Осы тармақшада көрсетілген міндетті орындау жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажет тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуға нақты жұмсаған шығыстары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға жанындағы өзінің оқу (оқыту) орталықтарында кадрларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру жөніндегі шығыстар болып табылады; 

12-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және (немесе) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды өткен жылдың қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті. 

Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің көлемі асыра орындалған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы асыра орындалған міндеттемелердің көлемдерін келесі есепті кезеңдерге түзетуді (есепке жатқызуды) жүзеге асырады. 

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қазақстандық өндірушілері болмаған жағдайда, шетелдік өндірушілер көрсететін осы жұмыстарды қаржыландыру құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 

Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметке, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты емес, қосылған құны жоғары (қайта жасалуы жоғары) өнім алуға, экология, еңбекті қорғау, өндірістік қызмет шеңберінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, энергия үнемдеуді (технологиялық циклді) қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерге бағытталған қызметке байланысты ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға нақты жұмсаған шығыстары және "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары аталған жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау болып табылады. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады. 

Осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай: 

кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған; 

жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған; 

емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған; 

барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды; 

13) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат беруге; 

14) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдары лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға; 

15) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға; 

16) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге; 

17) жыл сайын сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы жылға сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға; 

18) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы кезеңдерге сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға; 

19) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға; 

20) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілетін шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға; 

21) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға; 

21-1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен ұсынуға; 

22) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

23) егер мұндай қажеттілік туындаса, осы Заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға, егер келісімшартта өзгеше белгіленбесе, тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге; 

24) тарихи-мәдени мұра объектілерін бүлдірмеуге; 

25) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге; 

26) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға; 

27) міндетті экологиялық сақтандыру туралы шарт жасасуға; 

28) келісімшарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге; 

29) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге; 

30) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде құзыретті органға хабарлауға; 

31) осы Заңның 77-бабының 7-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде тіркелуге; 

32) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге; 

33) құзыретті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға; 

34) ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс-қағаздарын жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға; 

35) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін тарату қорын қалыптастыруға, сондай-ақ оған тиісті аударымдар жүргізуге міндетті. 

2. Келісімшартта жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін. 

Ескерту. 76-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.01.2016 № 446-V (11.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...74 75 76 77 78 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться