Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 3 Нотариат туралы 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 29.09.2024

Нотариат туралы
3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi

1. Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.

Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады.

Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптылығы, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді.

Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

2. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

3. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.

3-1. Нотариаттық әрекетті жасау немесе нотариусқа, уәкілетті лауазымды адамға өтініш білдіру кезінде алынған, оның ішінде жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер туралы мәліметтер нотариаттық құпия болып табылады.

4. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

4-1. Нотариаттық құпияны сақтау міндеті нотариустардың тағылымдамадан өтушілеріне, көмекшілеріне, куәға, аудармашыға, азаматтың дене кемістігі, ауруы немесе сауатсыздығы салдарынан оның орнына нотариаттық құжатқа қол қойған адамға, сондай-ақ нотариаттық палаталардың жұмыскерлеріне және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға қолданылады.

5. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.

6. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушыларының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.

Заң көмегін көрсету үшін қажетті нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден алуды адвокаттар заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында адвокаттық сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырады.

Салықтық берешегі болған, қайтыс болған адамның мұрагерлері туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақты бесінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Нотариаттық құпияны жария ететін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

8. Заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус талап еткен кезден бастап күнтізбелік он күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды нотариусқа ұсынуға мiндеттi.

9. Өсиеттер туралы мәлiметтер, өсиеттердiң дубликаттары мен көшiрмелерi мүдделi адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, өсиет берушi өлгеннен кейiн ғана берiледi.

10. Мыналар нотариаттық құпияны жария ету болып табылмайды:

1) Республикалық нотариаттық палатаның немесе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің интернет-ресурсында мынадай:

сенімхаттар (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні мен уақыты туралы мәліметтер);

ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер);

нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) бойынша мәліметтерді орналастыру;

2) осы Заңда көзделген мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізу;

3) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, қаржы мониторингін жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберу;

4) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсыну;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну;

5-1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті және депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы жіберуді қоса алғанда, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну.

Осы тармақшада көрсетілген мәліметтер бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында өзіне қатысты осы мәліметтер берілетін тұлғаның "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі болған кезде беріледі.

6) мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді мұрагерлерге хабарлау.

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.06.22 № 147, 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 4‑1 ...105

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?


Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться