Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
27-бап. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар

Ескерту. 27-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 232-V Конституциялық заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Депутаттық сауалдар Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде Парламент сессиясында негiзделген түсiнiктеме беруiн немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.  

2. Парламент депутатының Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiне, Ұлттық Банк Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне сауал жолдауға құқығы бар. Бұл ретте, Бас Прокурорға не құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жолданған сауал қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерге қатысты бола алмайды. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына жолданған сауалдарды қарау Парламенттің немесе оның Палаталарының жабық отырыстарында жүргізіледі. 

3. Сауал жазбаша түрде енгiзiлуi мүмкiн және Парламент сессиясында жария етiлуге тиiс.  

4. Өздерiне сауал жолданған лауазымды тұлғалар Парламент сессиясында ол жөнiнде ауызша немесе жазбаша жауап қайтаруға мiндеттi. Сауалға жазбаша жауап әрi кеткенде бiр ай мерзiмде табыс етiлiп, сессияда жария етiледi. Сауалға қайтарылған жауап бойынша жарыссөз өткiзiлуi мүмкiн. Депутат сауалға қайтарылған жауапқа өз пiкiрiн бiлдiруге хақылы.  

5. Қажет болған кезде сауалға берiлген жауап пен оны талқылау нәтижелерi бойынша Парламенттiң немесе оның тиiстi Палатасының қаулысы қабылданады. Сауал мен оған берiлген жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн. 

6. Депутаттар Палаталардың бiрлескен және бөлек отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметi мүшелерiне, Ұлттық Банкi Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелерiне ауызша сұрақтар қоюға хақылы. Сұраққа жауап осы отырыста, ал жауап беру үшiн қосымша даярлық қажет болған ретте үш күн мерзiм iшiнде қайтарылады. 

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 232-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться