Ст. 34 Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529
Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
34-бап. Республика Парламентiндегi депутаттық бiрлестiктер
1. Парламент депутаттары саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. 2. Саяси партияның фракциясы - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиядан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол тиісті саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Мәжілісінде құрылады. Саяси партия фракциясындағы ең аз адам саны Парламент Мәжілісінің Регламентімен айқындалады. Саяси партия фракциясының құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары кіре алады. Депутаттың бір ғана саяси партия фракциясының құрамында болуға құқығы бар.
2-1. Саяси партиялар фракцияларының басшыларына, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруі бойынша саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдау мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі.
3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында Парламенттің кемінде он бес депутаты болуға тиіс.
4. Саяси партиялардың фракцияларын тіркеу - Парламент Мәжілісінің Бюросында, депутаттық топтарды тіркеу Парламент Палаталарының Бюроларында жүзеге асырылады. Саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтарды тіркеу келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі.
5. Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары мен Парламенттегі депутаттық топтардың өкілеттігі, ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың жұмысын қамтамасыз ету Парламент пен оның палаталарының регламенттерінде айқындалады.
Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда – ҚР Конституциялық 2007.06.19. № 266 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.06.2020 № 339-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей