Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237


Утратил силу

Ақша төлемi мен аударымы туралы
11-бап. Төлем карточкасы

1. Төлем карточкасын оның ұстаушысы төлемдi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оның эмитентi айқындаған шарттарда қолма-қол ақшаны алу, валюта айырбастау және басқа операциялар үшiн қолданады.

2. Төлем карточкасының эмитентi болып табылатын банкпен немесе сондай эмитентпен шарт жасасқан банкпен не эмитентпен шартсыз төлем карточкаларына қызмет көрсететiн банкпен тиiстi келiсiм жасасқан дара кәсіпкерлермен немесе заңды тұлғалармен операциялар кезінде төлем карточкасы пайдаланылуы мүмкiн.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақ 01.07.2014 дейін қолданыста болады - ҚР 21.06.2012 N 19-V Заңымен.

3. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі тұлғаларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.

 4. Егер осы тармақта өзгеше белгінбесе, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға мiндеттi. Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Бұл ретте ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын және қызметін Астана, Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықты (құрылғыны) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.

Осы бапта белгіленген міндеттемелер мен ережелер сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға қолданылмайды.

5. Төлемге қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып, жүзеге асырылатын төлемді қабылдау туралы келiсiм берген кезден бастап туындайды.

Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларына қызмет көрсету туралы дара кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен келісім жасасқан банкке қатысты дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қабылдаған төлем сомасында ақша талап ету құқығы туындайды. Көрсетілген банкте дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақша талап етуін орындау міндеті туындайды.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.21 N 19-V (қолданысқа енгізу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.06.2014 № 206-V (қолданысқа енгізу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...9 10 11 11‑1 12 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться