Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Почта туралы
33-бап. Абоненттік пошта жәшіктері

1. Абоненттік пошта жәшіктері пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар және пошта операторларының пошташылары үшін қолжетімді жерлерде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарда, жеке тұрғын үйлерде орнатылады және солардың меншік иелеріне тиесілі болады, олар уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес абоненттік пошта жәшіктерінің орналастырылуын және олардың тиісті жай-күйде күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді. 

2. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің меншік иелері пошташылардың, курьерлердің абоненттік пошта жәшіктеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Абоненттік пошта жәшіктері болмаған немесе ол ақаулы болған жағдайда, пошта операторы пошта жөнелтілімін өндірістік объектіден беруді жүзеге асырады. 

3. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің меншік иелерінің шешімі бойынша абоненттік пошта жәшіктерінің орнатылуын, күтіп-ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер шарт бойынша кондоминиум объектісін басқару органына берілуі мүмкін. 

4. Пошта операторлары электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді жіберу кезінде электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдаланады. Пошта операторлары электрондық абоненттік пошта жәшіктерін құруды және пайдалануды дербес жүзеге асырады. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пошта операторымен жасалған пайдалану келісімі негізінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға беріледі. 

Пошта операторлары пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдалануының қауіпсіздігі мен құпиялылығын, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының жеке хат жазысу құпиясын қамтамасыз етеді. 

5. Ұлттық пошта операторы кез келген пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы өзі өтініш жасаған кезде өтеусіз негізде жеке электрондық абоненттік пошта жәшігін ашады және оның тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының жеке хат алмасу құпиясының сақталуын қамтамасыз етеді. 

6. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда жіберілуін, оның ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында электрондық құжат айналымы шеңберінде қамтамасыз ететін Ұлттық пошта операторының жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады. 

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін құруды, оның жұмыс істеуін және дамуын Ұлттық пошта операторы электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді. 

7. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды сәйкестендіру олардың дербес деректері (жеке сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғаларды сәйкестендіру бизнес-сәйкестендіру нөмірі арқылы жүргізіледі. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың деректерін растау мақсатында Ұлттық пошта операторы мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік дерекқорларына қолжетімділік алады. 

Ұлттық пошта операторы мен мемлекеттік органдар арасында ақпараттық жүйелерді интеграциялау "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 

Электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...46

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться