Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы
9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр және (немесе) жылу энергиясын сату кезіндегі қолдау

Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өз қалауымен, өндірілген электр энергиясын мынадай нұсқалардың бірі бойынша: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша не аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық баға бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға өткізуге құқылы. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірілетін электр энергиясын осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген нұсқа бойынша өткізуге көшуге құқылы емес. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және желіге жіберетін тасқындық электр энергиясының көлемін ескере отырып, электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі. 

Бұл ретте, осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды басым шартты тұтынушыға бөлмейді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-1. Басым шартты тұтынушы пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде ең аз кезеңдегі көлемінің) шартты тұтынушы желіге жіберу көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштің әрқайсысынан: 

1) электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері өндіріп шығаратын электр энергиясы және тасқындық электр энергиясы көлемі үлесінің нақты көрсеткішінен; 

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен электр энергиясын қайта есептейді және оның тиісті үлесін басым шартты тұтынушыға қайта бөледі. 

2-2. Егер басым шартты тұтынушы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға берсе, оның электр энергиясының үлесі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес есептеледі, бірақ ол 2020 жылы қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатуды жүзеге асырған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттарының қолданылу мерзіміне 2020 жылы басым шартты тұтынушы мен басым шартты тұтынушының құрамына кірген шартты тұтынушылар қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алған электр энергиясының нақты көлеміне тең ең төмен шамадан аз болмайды.  

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуға жататын электр энергиясының ең төмен шамасы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттары қолданысының тоқтатылуына қарай электр энергиясының тиісті көлеміне пропорционалды азайтылады. 

3. Егер осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерiнен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатудан қаржы-есеп айырысу орталығы алған ақша сомасы ағымдағы тоқсанда жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды өтеу және тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн қажеттi шамадан кем болса немесе асып кетсе, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеудi жүргiзедi және келесi тоқсанға электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында шығындарды қайта бөледi. 

Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну көлеміне пропорционалды түрде бөледі. 

4. Қаржы-есеп айырысу орталығынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шартты тұтынушының шығындарын және тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды осы шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушылар желіге жіберілген электр энергиясының жалпы көлеміне қатысты сатып алушының сатып алған электр энергиясы көлемінің тиісті үлесіне барабар өтейді. 

Осы тармақтың күші меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері өндірген электр энергиясы есебінен, сондай-ақ осы сатып алушымен бір тұлғалар тобындағы заңды тұлғалардың жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері есебінен жаңартылатын энергия көздерінің осы тармақта айқындалған үлесін жабуды қамтамасыз ететін пропорционалды көлемде шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушыларға қатысты қолданылмайды. 

Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінің күші осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген шарттар мен мерзім сақталған кезде ғана қолданылады. 

4-1. Шартты тұтынушының қаржы-есеп айырысу орталығынан жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерi, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндiрген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары электр энергиясына шектi тарифтiң шамасын айқындау кезiнде ескерiледi. 

4-2. Осы баптың 4-тармағының күші меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері өндірген электр энергиясы есебінен, сондай-ақ осы сатып алушымен бір тұлғалар тобындағы заңды тұлғалардың жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері есебінен осы баптың 4-тармағында айқындалған жаңартылатын энергия көздерінің үлесін жабуды қамтамасыз ететін пропорционалды көлемде шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушыларға қатысты қолданылмайды. 

Бұл ретте осы тармақтың күші осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген шарттар мен мерзім сақталған кезде қолданылады. 

4-3. Шартты тұтынушылардың электр энергиясын сатып алушылар уәкілетті органды, қаржы-есеп айырысу орталығын және жүйелік операторды жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланатын іске қосу туралы жаңартылатын энергия көздерінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және олардың орналасқан жерін көрсете отырып, күнтізбелік үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей хабардар етеді. 

Шартты тұтынушылардың электр энергиясын сатып алушылардың хабарламасында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланатын іске қосу бойынша мерзімдер асып кеткен жағдайда, уәкілетті орган осы сатып алушының өтініші негізінде мерзімдерді түзетуді жүргізеді. 

5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген жылу энергиясын сатып алу-сату шарттары жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңге жасалады. 

6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін және орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiндегi жылу тасымалдағыштың тиісті параметрлерiне сәйкес келетiн параметрлерiмен елдi мекеннің орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiне берiлетін барлық жылу энергиясын осы елді мекеннің энергиямен жабдықтаушы ұйымы сатып алады. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндiрген жылу энергиясына жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифiне енгізіледі. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жылумен жабдықтаудың маусымдық сипатына байланысты орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiне жылу энергиясын беру кезеңдерiн энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келiседi. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жылу энергиясын беру кезiнде энергия берушi ұйымдардың жылу энергиясын беру қызметіне ақы төлеуден босатылады. 

7. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға желілер бойынша беруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес өндірілетін электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді (суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде және тасқындық электр энергиясы көлемінде) жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады. 

Сатып алушылар және олармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін, жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды өз мұқтаждары үшін пайдаланатын (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) олардың энергия өндіруші ұйымдары энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен өндірілетін электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді уәкілетті орган бекіткен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады. 

9. Нетто-тұтынушы өзiне қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифi бойынша, электр желiсiнен есептi кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiне, нақ сол кезең iшiнде электр желiсiне өзі берген көлемдi шегере отырып, ақы төлейдi. 

Электр желiсiне есептi кезең iшiнде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемi желiден нақ сол кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiнен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы берген электр энергиясы үшін сатуға арналған өзінің қолданыстағы тарифi бойынша нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлемінде ақы төлейдi. 

Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алуы-сатуы уәкiлеттi орган әзiрлеген және бекiткен Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

10. Мемлекет уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде жеке тұтынушыларға атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары пайдалануға берілгеннен кейін төленеді. 

11. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысын сатып алуға атаулы көмек алған жеке тұтынушы осы қондырғыда шығарылған электр және (немесе) жылу энергиясын басқа тұтынушыларға сатуды жүзеге асыруға құқылы емес. 

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.12.2020 № 380-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 8‑1 9 10 11 ...12

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться