Ст. 39-1 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
39-1-бап. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау
1. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанында жүзеге асырылады. 2. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ішкі істер органдары) лауазымды адамдары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүзеге асырады.
3. Тексеру бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) олардың жасалу мән-жайларын анықтау қажеттілігімен (демалыс, мереке күндері немесе тәуліктің түнгі уақытында) байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектісінің (объектісінің) ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
4. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату фактілері бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібі бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу:
1) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан белгілі болған бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
2) ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар;
3) ішкі істер органдары қызметкерлерінің бұзушылықты тікелей көріп-білуі негізінде жүзеге асырылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектілерін (объектілерін) алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен жүргізіледі.
6. Ішкі істер органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарын сақтай отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағыныстағы және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
7. Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) қызметтік куәлікті көрсетуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) бақылау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмеуге, тексеру нысанына жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектісіне тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.
8. Бақылау субъектілері:
1) егер мәліметтер жүргізілетін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанасына немесе тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңдерге жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
3) қызметтік куәлігі болмаған жағдайда, тексеру жүргізу үшін келген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін (қызметкерлерін) тексеруге жібермеуге;
4) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ оның қызметіне кедергі келтірместен ішкі істер органдары лауазымды адамының жекелеген іс-әрекеттерін аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
9. Бақылау субъектілері:
1) ішкі істер органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу үшін өз аумағына және үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарын сақтай отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актіні алғандығы туралы белгі қоюға міндетті.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері бойынша балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таралу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін бұзу фактісі расталған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, бақылау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғыза отырып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беріледі, үшіншісі ішкі істер органдарында қалады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акті табыс етілген күннен бастап бұзушылықты жою мерзімі есептеледі.
12. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – актіде алынғандығы туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – ішкі істер органы, егер бақылау субъектісі бұрын мұндай мекенжайды ұсынған болса, бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайларды ескере отырып, бірақ табыс етілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
15. Бақылау субъектісі қабылдаған шаралар туралы хабарламаған және (немесе) анықталған бузушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайда, ішкі істер органдарының лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) ішкі істер органдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
3) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысқан уәкілетті адамның лауазымы (бар болған кезде);
4) тұрған жері көрсетілген бақылау объектісі;
5) анықталған бұзушылықтардың тізбесі және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар;
6) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
7) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізген ішкі істер органдарының лауазымды адамының қолтаңбасы.
17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің бақылау субъектісіне табыс етілген күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Ескерту. 39-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей