Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi

Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде: 

1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) - 12) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн олардың ата-аналарын немесе заңды өкiлдерiн анықтайды, есебiн жүргiзедi және оларға қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi; 

2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын немесе тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды, тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады; 

3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға 

итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi; 

4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк мекемелерге жiберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресiмдеуге жәрдемдеседi; 

5) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады; 

6) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың өмір салтына және мінез-құлқына бақылау жасауды қамтамасыз етеді; 

7) балаларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту бойынша өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдарды дайындайды; 

8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi; 

9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына жәрдемдеседi; 

10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды. 

Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі; 

11) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды жеткізеді; 

12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться