Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Өнеркәсіптік саясат туралы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Өнеркәсіптік саясат туралы
13-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері

1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы ұлттық даму институты:

1) жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына, сондай-ақ өзге де заңды тұлғаларды құру арқылы инвестицияларды жүзеге асырады;

2) ұлттық даму институттарынан, екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын және (немесе) оларға қатысатын ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей не жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алады;

3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ экономиканың басым секторларының экономикалық белсенділігі мен инвестициялық тартымдылығын ынталандыру және қалпына келтіру жөніндегі мынадай іс-шаралар кешенін:

берешекті қайта құрылымдауды;

жарғылық капиталдарға инвестицияларды;

стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеуді және тартуды;

өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ынталандыру түрлерін тұжырымдайды және іске асырады.

2. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты:

1) өңдеу өнеркәсібін дамытуды, өңірлерді өнеркәсіптік-инновациялық дамытуды, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын және Индустрия 4.0-ді енгізуді қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға:

басым тауарлар тізбесі бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

бірыңғай индустрияландыру картасын қолдап отыру;

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушыларға өнеркәсіптік гранттар беру;

бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді іріктеуді жүргізу, қолдап отыру, іске асырылуын мониторингтеу және талдау;

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау;

сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді қоспағанда, қарсы міндеттемелерді мониторингілеу;

индустриялық дамуды бағалауды жүргізу;

өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ ұсынымдарды іске асыру кезінде қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;

3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;

4) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну және аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;

5) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;

6) мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінен алынған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру жөніндегі статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді көздейтін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптама қорытындыларын әзірлеу бойынша қызметтер көрсетеді;

7) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарында жұмыс орындарын құруға және олардың кадрларға деген қажеттілігіне мониторинг пен талдау жүргізеді.

3. Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты:

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;

2) елішілік құндылықты дамыту және мониторингтеу саласында ақпараттық-талдамалық, консультациялық, оның ішінде елішілік құндылықты сараптау бойынша қызметтер көрсетеді;

3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға:

өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;

өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ішкі нарықта сервистік қолдау бойынша, оның ішінде елішілік құндылықты дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;

4) субконтрактация орталығы болып табылады.

Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі.

4. Алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты:

1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;

2) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсетеді;

3) отандық экспорттаушылардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттау нарықтарын іздеу және олардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша оларға ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

4) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізеді;

5) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

6) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктерді құрады және (немесе) шетелдік өкілдерді тағайындайды;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық саудалық және экспорт алдындағы қаржыландыруды, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерді сақтандыруды және қайта сақтандыруды, кепілдік беруді жүзеге асырады;

8) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (08.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі бойынша ұсыныстарды әзірлейді және сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;

10) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган мен шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резидентінде-екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.

Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге жұмсалады;

10-1) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;

10-2) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де сервистік қолдау шараларын ұсынады.

6. Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг:

1) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновацияларды қолдау салаларындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға қатысады;

2) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...69

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться