Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 51 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау

1. Рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады. 

2. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау біліктілік және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерде өтініш берушіге бару қажеттілігі болған жағдайда жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келуі немесе сай келмеуі туралы қорытынды жасалады. 

3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асырылады. 

4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заіына сәйкес бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген талаптарды сақтауын дербес тексереді. 

Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...56

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться