Ст. 12 Агломерацияларды дамыту туралы 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 181-VII ҚРЗ
Агломерацияларды дамыту туралы
12-бап. Жергілікті агломерация кеңесі
1. Жергілікті агломерация кеңесі агломерацияны дамыту мәселелерін ведомствоаралық үйлестіру, сондай-ақ агломерацияны дамытуды ұйымдастырушылық, ақпараттық және талдамалық қолдау мәселелерін шешу мақсатында агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісім негізінде астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (агломерация орталығының) және елді мекендері агломерацияға кіретін аудандардың жергілікті атқарушы органдарының бірлескен шешімімен құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Жергілікті агломерация кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (агломерация орталығының) және елді мекендері агломерацияға кіретін аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және агломерацияға кіретін елді мекендердің аумағында жұмыс істейтін және тіркелген өзге де ұйымдардың өкілдері кіре алады.
3. Жергілікті агломерация кеңесінің құрамы астанада немесе республикалық маңызы бар қалада және елді мекендері агломерацияға кіретін облыста, облыстық маңызы бар қалада (агломерация орталығында) және елді мекендері агломерацияға кіретін аудандарда тұратын халық санына қарамастан, олардан өкілдіктің тең санына сәйкес астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (агломерация орталығының) және елді мекендері агломерацияға кіретін аудандардың жергілікті атқарушы органдарының бірлескен шешімімен бекітіледі.
4. Жергілікті агломерация кеңесінің құрамына кандидатураларды іріктеу мәселелерін қоса алғанда, жергілікті агломерация кеңесі мүшелерінің саны, оны қалыптастыру тәртібі осы баптың талаптары ескеріле отырып, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімде айқындалады.
5. Жергілікті агломерация кеңесінің өкілеттіктеріне:
1) агломерацияны қалыптастыруды, дамытуды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттар мен міндеттерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
2) жергілікті агломерация кеңесінің хатшылығы әзірлеген агломерацияны дамытудың кешенді жоспарын келісу;
3) агломерацияны дамыту туралы жыл сайынғы есепті жасау және интернет-ресурстарда жариялау;
4) жергілікті агломерация кеңесінің хатшылығын айқындау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.
6. Жергілікті агломерация кеңесінің отырысында жергілікті агломерация кеңесінің құрамынан оның төрағасы сайланады.
7. Жергілікті агломерация кеңесінің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
8. Жергілікті агломерация кеңесінің отырыстарындағы шешімдер жергілікті агломерация кеңесі құрамының көпшілік даусымен қабылданады. Егер жергілікті агломерация кеңесі белгілі бір мәселе бойынша шешімді қатарынан екі рет қабылдамаса, онда осы мәселе бойынша шешімді агломерациялар жөніндегі кеңес қабылдайды.
9. Жергілікті агломерация кеңесінің хатшылығы мынадай функцияларды орындайды:
1) жергілікті агломерация кеңесі қабылдаған жобалар мен шешімдерді іске асыру кезінде жәрдемдесу;
2) жергілікті агломерация кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын мониторингтеу;
3) агломерация бойынша деректер мен ақпаратты жинау және жергілікті агломерация кеңесіне беру;
4) агломерацияны дамытудың кешенді жоспарының жобасын дайындау.
Лучшие юристы





Доброго времени суток!
Нуле совет в ситуации: без предупреждения отстранили от работы бухгалтера, и начали инвентаризацию без неё. Первая проверка была в ее пользу почти на 1.5 млн. Назначили следующую. Без приказа, без подписи, только голосовое уведомление через ватсап. Она не вышла по этой причине на работу, ждала окончание проверок. Через 2,5 недели высылают уведомление о расторжении трудового договора, в связи с проектом. Как быть?
Добрый вечер! Мне оформили страховку во время получения микрокредита в банке, кредит оформлен на 60 дней
, а страховка на 45 дней, почему? Сегодня заканчивается срок страховки, а закрыть кредит я иду завтра, вернут ли мне страховку
По решению суда первой инстанции по гражданским делам от 06.02.2004 года был судебный акт и в 2009 году данный судебный акт был оспорен и в 2017 году переименованный банк по этому решению передает информацию в ТОО "ПКБ", который испортил мою кредитную историю и по сегодняшний день все банки отказывают мне в предоставлении финансовых услуг вот уже в течении 8 лет на все мои заявление в банк просит мне показать квитанцию об оплате банковской задолженности а то, что я показываю справку от Территориального отдела судебных исполнителей ДЮ Жамбылской области и копию договора залога полученные в 2009 году, где на каждом листе стоит штамп банка и подпись юриста их не устраивает и все мои обращение до Верховного суда были отказаны и все как один мотивируют тем, что у меня нету доказательства, а какие им нужны доказательства в своих решениях не указывают а просто отказывают в моем иске
По договору залога были заложены ТНП за время длительного отсутствия Залогодателя в связи с тяжелой и продолжительной болезни Залогодержатель незаконно реализовал все заложенные движимые и недвижимые имущества и вырученные средства присвоил себе а потом данный банк был ликвидирован и активы и обязательства были переданы другому банку и он теперь является владельцем я могу ему предъявит иск в суд о возмещении потерянных моих движимых и недвижимых имуществ
Здравствуйте! Брат был признан недееспособным и был на учете до совершения сделки. И оказывается подарил (договор дарения) квартиру отцу, сделка была совершена в 2011 году, о чем отец молчал. Квартиру продали, либо переоформили на племянницу мачехи. Брата не стало 2 года назад, я отсутствовала в стране, тому есть доказательства. Можно ли признать эту сделку недействительной через суд? Спасибо!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей