Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
13-бап. Мақта өңдеу ұйымы

1. Мақта өңдеу ұйымы лицензияның негізінде мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсетеді.

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаның (мақта дайындау ұйымын қоспағанда) өз атауында, тауар белгілерінде, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамасында "мақта өңдеу ұйымы", "мақта тазалау зауыты", "мақта қабылдау пункті" деген сөздерді немесе олардан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.

2. Мақта өңдеу ұйымы ортақ пайдаланудағы тауар қоймасы деп танылады.

3. Мақта өңдеу ұйымында:

1) мақта тазалау зауытында:

кемінде бір мақта қабылдау пункті;

шитті мақтаны талшықты мақта етіп бастапқы өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;

таразы жабдығы;

желдеткіш жабдығы;

тиеу-түсіру тетіктері;

өрт сөндіру құралдары;

мақтаның сапасын айқындауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана;

мақта сақтауға арнайы бөлінген орын;

2) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде:

шитті мақтаны текшелеуге және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң;

таразы жабдығы;

желдеткіш жабдығы;

шитті мақтаның сынамасын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертхана жабдығы;

тиеу-түсіру тетіктері;

өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.

Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.

4. Мақта өңдеу ұйымы:

1) мақтаны қабылдау мен сақтау шарттарын сақтауға және нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге;

2) сақтауға және (немесе) өңдеуге қабылданған мақтаның мөлшерлік және сапалық сақталуын берілген мақта қолхаттарына сәйкес қамтамасыз етуге;

3) көрсетілген қызметтер үшін берешегі болмаған кезде сақтау және (немесе) өңдеу шартының талаптарына сәйкес мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша мақта қолхатының орнына сақтаудағы мақтаны беруге;

4) мақта иесінің талабы бойынша мақтаның сапасын тексеру үшін мақта сынамасын іріктеуді қамтамасыз етуге;

5) мақта иелері алдындағы сақтау шартында және (немесе) өңдеу шартында көзделген міндеттемелерін орындауға міндетті.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12‑1 12‑2 13 14 15 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться