Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
17-бап. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесі

1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу арқылы мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде жүзеге асырылады.

3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.

4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымы сақтауға қабылдаған шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісі басталған кезде мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры осы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сапасы бойынша жойылған немесе нашарлаған шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының өтеу кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен пайызы мөлшерінде ақшамен өтеуді жүргізеді.

Шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхатын ұстаушы алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына ол төлеген сома шегінде мақта қолхатын ұстаушының осы мақта өңдеу ұйымына қоятын талап ету құқығы өтеді. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына мақта қолхаттарының тізілімін ұсынуға міндетті.

5. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыра (өзара сақтандыра) алады.

 Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться