Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 34 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
34-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы уақытша басқару жөніндегі комиссияны уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, мақта қолхаттарын ұстаушылардың және мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдерінен қалыптастырады.

Уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.

2. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:

1) уақытша әкімшіліктің құрамын бекіту;

2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;

3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау;

4) уақытша әкімшіліктің құрамы бекітілгенге дейін осы Заңның 35-бабына сәйкес оның функцияларын жүзеге асыру жатады.

3. Соттың уақытша басқаруды енгізу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссия мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететін банктің атына уақытша басқарудың енгізілгені туралы жазбаша хабарламаны және уақытша әкімшіліктің бекітілген құрамын, сондай-ақ банк операцияларын жасау үшін уақытша әкімшіліктің лауазымды адамдарының қолтаңба үлгілері бар жаңа карточканы жібереді (уақытша әкімшілік тағайындалғанға дейін берілген карточканың күші жойылуға жатады).

4. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және уақытша әкімшіліктің орындауы үшін міндетті болып табылады.

5. Уақытша басқару жөніндегі комиссия:

1) уақытша әкімшілікке мақта өңдеу (ұйымын уақытша басқару кезеңіндегі өз қызметінің негізгі бағыттары туралы ұсыныстар беруге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкімшіліктен өз қызметі және мақта өңдеу ұйымының қызметі туралы ақпарат беруін талап етуге;

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату не мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

 Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться