Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
35-бап. Уақытша әкімшілік

1. Уақытша әкімшілік – мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, мақта өңдеу ұйымының, мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдері кіретін алқалы орган.

Уақытша әкімшілікті уақытша басқару жөніндегі комиссия тағайындайды. Уақытша басқару қолданылған кезеңде уақытша әкімшілік мүшелері бір мезгілде уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелері бола алмайды.

2. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшілік құрамына өкілдер сайлау үшін мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын өткізуді ұйымдастырады. Бұл ретте уақытша әкімшіліктің құрамына сайлануға осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың артықшылықты құқығы болады.

3. Мақта қолхаттарын ұстаушылардан және (немесе) мақта өңдеу ұйымынан уақытша әкімшіліктің құрамына кандидатуралар ұсынылмаған жағдайда, уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшілік құрамын дербес бекітуге құқылы, бұл ретте мақта қолхаттарын ұстаушылардың арасынан сақтаулы мақтаның барынша көп мөлшері бар тұлғалардың бірі уақытша әкімшілік мүшесі болып белгіленеді.

4. Шешімдер қабылдау кезінде уақытша әкімшілік мүшелерінің дауыстары:

1) мақта қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;

2) мақта өңдеу ұйымы - жиырма бес процент;

3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;

4) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - жиырма бес процент болып бөлінеді.

5. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару қолданылған кезеңде мақта өңдеу ұйымын басқаруды уақытша әкімшілік жүзеге асырады.

Уақытша басқару енгізілгеннен кейін мақта өңдеу ұйымының атынан және есебінен барлық мәмілелерді уақытша әкімшіліктің құжаттарға қол қоюға және банк операцияларын жасауға құқығы бар лауазымды адамы уақытша әкімшіліктің қалған мүшелерінің келісімі бойынша жасайды.

Уақытша басқару іс-әрекеті кезеңінде мақта өңдеу ұйымы құрылтайшыларының (акционерлерінің, қатысушыларының) және өзге де басқару органдарының мақта өңдеу ұйымының міндеттерін ұлғайтуға, мақта өңдеу ұйымының мүлкін пайдалануға немесе иеліктен шығаруға қатысты шешімдерін және мақта өңдеу ұйымының берілген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін өзге де шешімдерді орындау тоқтатылады.

6. Уақытша әкімшілік:

1) осы Заңда айқындалған құзыреті шегінде тиісті актілер қабылдауды қоса алғанда, мақта өңдеу ұйымы қызметінің барлық мәселелері бойынша өз бетінше шешімдер қабылдауға;

2) уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарынан туындайтын барлық талаптарды оларда көрсетілген мақта көлемінің елу процентке дейінгі мөлшерінде тоқтата тұруға;

3) мақта өңдеу ұйымының қабылданған мақта көлемі бойынша міндеттемелерін қайта қалпына келтіруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;

4) мақта өңдеу ұйымының атынан және оның мүддесіне орай, соның ішінде сотта да, өкілдікті жүзеге асыруға;

5) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына осы Заңның 17-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен және шарттарда, осы мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелер бойынша берешекті өтеу туралы мақта қолхаттарын ұстаушылардың атынан талаптар қоюға;

6) мақта өңдеу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

7. Уақытша әкімшілік бірінші кезектегі тәртіппен:

1) мақта өңдеу ұйымының қаржылық жай-күйіне мына бағыттар: капиталының бара-барлығы, активтерінің талдамасы, кірістері мен шығыстарының талдамасы бойынша талдау жүргізуге;

2) мақта өңдеу ұйымының мүлкіне және оның міндеттемелеріне түгендеу, сондай-ақ, осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақталатын мақтаға түгендеу жүргізуге;

3) мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы берешегін қоса алғанда, кредиторлық берешегін анықтауға;

4) сотқа талап-арыздар әзірлеу мен ұсынуды қоса алғанда, мерзімі өткен дебиторлық берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануға;

5) мақта өңдеу ұйымының басқару құрылымын және штат санын айқындауға;

6) мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілетті адамдардың тегі, аты және әкесінің аты (олар бар болса) бар карточканы, олардың қолдарының үлгілерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына табыс етуге;

7) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) уақытша басқару жөніндегі комиссияға мақта өңдеу ұйымының нақты жай-күйі туралы ақпарат беруге және осы мақта өңдеу ұйымының шаруашылық қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті.

8. Уақытша әкімшіліктің мақта өңдеу ұйымының мүлкін мүлікті кепілге беруді, мүліктік жалдауды қоса алғанда, иеліктен шығару жөнінде шешімдер қабылдауына жол берілмейді.

 Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться