Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
36-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды тоқтату

1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару:

1) соттың шешімімен белгіленген уақытша басқару мерзімі өткеннен кейін;

2) сот уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады.

2. Уақытша басқару:

1) мақта өңдеу ұйымы берілген мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтірген;

2) басқа да мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға ықпал ететін жағдайлар болмаған кезде, уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарын ұстаушылардың мәлімделген барлық талаптарын толық көлемде қанағаттандырған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Уақытша әкімшіліктің уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау үшін негіздердің болуы туралы актісінің негізінде қабылданатын уақытша басқару жөніндегі комиссияның ұсынысы соттың уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.

3. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды оны енгізуге әкеп соққан себептердің жойылуына байланысты тоқтату (оның ішінде мерзімнен бұрын) осы мақта өңдеу ұйымына қатысты барлық шектеулерді жоюға әкеп соғады.

3-1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару тоқтатылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссия мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететін банктің атына уақытша басқарудың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлама жібереді (уақытша әкімшіліктің лауазымды адамдарының қолтаңба үлгілері бар карточканың күші жойылуға жатады).

4. Егер мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілеттілігін қалпына келтірмеген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз беруге бастама жасайды.

 Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
8-тарау. МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТЫЛАТЫН МАҚТА ӨҢДЕУ ҰЙЫМЫН
ТАРАТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КРЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН
ҚАНАҒАТТАНДЫРУ ТӘРТІБІ
Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться