Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Сауда қызметiн реттеу туралы
22-бап. Сауда шаралары және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шаралар

Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Үшінші тараптан келетін тауарлардың импортына қатысты сауда шараларын қолдану алдында тергеп-тексерулер жүргізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ осындай шараны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында айқындалады. 

2. Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

3. Мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тергеп-тексерулер шеңберінде үшінші тараптың құзыретті органдарына беруді уәкілетті орган, оны үшінші тараптың заңнамасында айқындалған тиісті ақпараттық жүйеге жүктеу арқылы беру жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады. 

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...20 21 22 22‑1 22‑2 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться