Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сауда қызметiн реттеу туралы
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

1-1) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады және іске асырады;

1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;

1-3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сауда шараларын қолдану мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

1-4) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) жұмыс органдарымен және ДСҰ мүшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

1-5) ДСҰ-ның Дауларды шешу органымен өзара іс-қимыл жасайды;

1-6) ДСҰ-ның жұмыс органдарымен және мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

1-7) ДСҰ мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;

2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi;

2-2) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2-3) сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау тәртібін айқындайды;

3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;

4-2) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
4-3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төмен нормативтерiн әзірлейді және бекiтедi;

7-1) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;

7-2) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ тауарды шығарған елді айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілейді;

7-3) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен, тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;

7-4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында экспорттаушыларды тауар әкелінетін елдердің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;

8) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;

10) халықаралық сауда-экономикалық ұйымдарымен және интеграциялық бірлестіктермен, шет мемлекеттермен, шет мемлекеттердің одақтарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан әрекет етеді;

10-1) сауда қызметі саласында үшінші тараппен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

10-2) Экспорттық-кредиттік агенттік қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

10-3) Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялауды жүзеге асырады;

12) тоқсан сайын тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;

14) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;

15-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15-2) тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлар тізбесін бекітеді;

15-3) өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізеді;

15-4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды, оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту тәртібін бекітеді;

15-5) Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағаларын Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бекітеді;

15-6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;

15-7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді;

15-8) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін сауда саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекітеді;

15-9) ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекітеді;

15-10) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

16) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 7‑1 7‑2 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться