Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Бағалы қағаздар рыногы туралы
11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

Ескерту. 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Жарияланған акцияларды шығару туралы шешiмдi акционерлiк қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленетін акционер) қабылдайды.

Акционерлiк қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды:

1) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген;

2) егер бұрын акциялар шығарылымы жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жойылған жағдайда, акционерлердiң жалпы жиналысы (жалғыз акционердің шешімімен) жарияланған акцияларды шығару туралы шешiм қабылдаған күннен кейін күнтiзбелiк бір ай iшiнде ұсынуға мiндеттi.

2. Уәкiлеттi орган акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен кейін не жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде акционерлiк қоғамның акциялар шығарылымы жойылған күннен кейін бiр жыл өткеннен кейін жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асыруға құқылы емес.

3. Егер акционерлiк қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін жүзеге асырылмаса:

1) акционерлiк қоғам ерікті түрде таратылуды немесе басқа ұйымдық-құқықтық нысанға қайта ұйымдастырылуды жүзеге асыруға міндетті;

2) уәкілетті орган акционерлік қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгінуге құқылы.

4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынған мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;

2) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленетін акционер шешiмi) хаттамасының көшiрмесi;

3) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнің көшірмесі;

4) акциялар шығарылымы проспектісі;

5) акционерлiк қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенiн растайтын құжаттар.

5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және акциялар шығарылымы проспектісін электрондық нысанда акционерлік қоғамға жібереді.

6. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:

1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;

2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымы проспектісі;

3) акционерлік қоғамның акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған акционерлік қоғам органының отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме;

4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген жағдайларда, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлі түрде шығару туралы сот шешімінің көшірмесі (акционерлік қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар мерзімі өткен салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда).

7. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган акционерлік қоғамға электрондық нысанда мыналарды жібереді:

1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген, акционерлік қоғамның атауы өзгерген және (немесе) тұрған жері өзгерген кезде);

2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген проспект.

8. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қайта ұсынады, бұл ретте уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі қайтадан есептеледі.

9. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу тәртібі, сондай-ақ жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 12‑1 ...114

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться