Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Өзін-өзі реттеу туралы
20-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Өзін-өзі реттейтін ұйым барлық мүшелерінің (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті, мынадай мақсаттарды қамтамасыз етуге бағытталған қағидалар мен стандарттарды әзірлеуге құқылы: 

1) мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын талаптарды айқындау; 

2) мүшелері (қатысушылары) өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігін арттыру; 

3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу; 

4) шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

5) мүліктік жауаптылықты қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану; 

6) мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін қорғау. 

2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс. 

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарының қабылдануы, мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау мүмкіндігін жоққа шығармайды. 

3. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары бекітілгенге дейін қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберіледі. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызмет саласындағы, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын олардың мазмұнының осы Заңның 24, 25 және 26-баптарында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. 

Қағидалар мен стандарттарға қорытынды беру мерзімі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды. 

Белгіленген мерзімдерде қорытынды берілмеген жағдайда қорытынды алынды деп есептеледі. 

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісуді не келісуден бас тартуды реттеуші мемлекеттік органдар олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Реттеуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап бермеген жағдайда, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары келісілді деп есептеледі. 

6. Қағидалар мен стандарттар міндетті түрде өзін-өзі реттейтін ұйымның интернет-ресурсында орналастыруға және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға жатады. 

Заңмен қорғалатын құпияны қамтитындарын қоспағанда, толық жазылмаған қағидалар мен стандарттарды жариялауға жол берілмейді. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 20‑1 20‑2 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться