Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
14-бап. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) және жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыреті

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттары) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында:

1) тиісті аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту кезінде көрсетілген құжаттарда, ақпараттық және қаржылық қолдауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кооперациясын дамыту саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздейді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және іс-шараларды жүзеге асырады;

2) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне шығаратын өнімінің ассортименті бойынша сауда орындарын бере отырып, өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады;

3) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімін сату үшін коммуналдық базарларда сауда орындарын жеңілдікті шарттармен ұсынады;

4) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

5) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

6) ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасайды;

7) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
3-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
КООПЕРАТИВІН ҚҰРУ
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться