Ст. 58 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
Действующий аналог
Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралыҚазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
58-бап. Селолық тұтыну кооперативiн бөлу, бөлiп шығару
1. Селолық тұтыну кооперативiн бөлу осы кооперативтiң мүлкiн пайда болған екi немесе бiрнеше селолық тұтыну кооперативтерiнiң арасында бөлу жолымен жүзеге асырылады. Бұл орайда бөлiнген кооперативтің құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған кооперативтерге ауысады. 2. Селолық тұтыну кооперативiнен бiр немесе бiрнеше селолық тұтыну кооперативтерiн бөліп шығару кооператив мүлкiнiң бiр бөлiгiн бөлiп беру және оны жаңадан пайда болған бiр немесе бiрнеше кооперативке беру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл орайда қайта ұйымдастырылатын кооперативтiң құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған кооперативке ауысады.
3. Қайта ұйымдастырылатын селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы жаңадан пайда болатын кооперативтiң бөлу, бөлiп шығару жоспары мен жарғыларының жобаларын әзiрлейдi және кооперативтi бөлу, бөлiп шығару жаңадан пайда болатын кооперативтердiң бөлу, бөлiп шығару жоспарын, жарғысын және бөлу балансын бекiту туралы, сондай-ақ жаңадан пайда болатын кооперативтердiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарын сайлау туралы мәселелердi жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) қарауына енгiзедi.
4. Егер селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында өзгеше көзделмесе, оны бөлу, бөлiп шығару кезiнде әрбiр пайшы жаңадан пайда болатын кооперативтердiң әрқайсысының кооператив мүлкiндегi қайта ұйымдастырылатын кооператив мүлкiнiң өз үлесiне тең үлесiн алуға құқылы.
5. Жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) бөлу, бөлiп шығару туралы шешiм қабылдаған кезден бастап, селолық тұтыну кооперативi осы шешiм туралы шешiм қабылданғаннан кейiн туындаған мiндеттемелер жөнiнде кредит берушiлерге хабарлауға мiндеттi.
6. Селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) бөлу, бөлiп шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi ай мерзiмде өзiнiң барлық кредит берушiлерiне бөлу, бөлiп шығару туралы жазбаша хабарлама жiберуге және ресми баспасөз органдарында бөлу, бөлiп шығару туралы тиістi хабарландыру беруге мiндетті. Хабарламаға (хабарландыруға) бөлу балансы, сондай-ақ жаңадан пайда болған кооперативтердiң әрқайсысының фирмалық атауы, орналасқан жерi және мекен-жайы туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
7. Қайта ұйымдастырылатын селолық тұтыну кооперативiнiң кредит берушілерi хабарлама алған (хабарландыру жарияланған) күннен кейiнгi екi ай мерзiмде кооперативтен тиiстi мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуын немесе орындауын және залалдың орнын толтыруын талап етуге құқылы. Талап кооперативке жазбаша нысанда жiберiледi, ал олардың көшiрмелерi кооперативтi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға табыс етiлуi мүмкiн.
8. Селолық тұтыну кооперативiн бөлу, бөлiп шығару нәтижесiнде пайда болған селолық тұтыну кооперативтерi жаңа кооперативтер тiркелген кезден бастап бiр жыл iшiнде оның мiндеттемелерi бойынша бiрлесiп жауапты болады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей