Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 68 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
68-бап. Қауымдастық (одақ) басқармасы

1. Қауымдастық (одақ) басқармасы қауымдастықтың (одақтың) атқарушы басқару органы болып табылады және қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi. Қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерi жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған өкiлеттiктi қоспағанда, басқарма осы Заңмен және қауымдастық (одақ) жарғысымен белгiленген өкiлеттiктi жүзеге асырады. 

2. Қауымдастық (одақ) басқармасының құзыретiне: 

1) қауымдастықтың (одақтың) жалпы қызметiне басшылық жасау; 

2) мемлекеттiк және өзге де органдарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда қауымдастықтың (одақтың) өкiлдiгiн жүзеге асыру; 

3) қауымдастық (одақ) мүшелерi өкілдерiнiң жалпы жиналыстарын әзiрлеу және өткiзу; 

4) қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнiң жалпы жиналысына өкiлдердiң жалпы жиналыстары арасындағы кезеңдегi қауымдастық (одақ) жұмысы туралы есептi табыс ету; 

5) қауымдастық (одақ) басқармасы төрағасының орынбасарларын, сондай-ақ мекемелер мен басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын тағайындау және қызметтен босату; 

6) қауымдастықтың (одақтың) еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету; 

7) шаруашылық серiктестiктерiн, мекемелердi, оқшауланған құрылымдық бөлiмшелердi, соның iшiнде филиалдарды құру туралы, сондай-ақ шаруашылық серiктестiктерге немесе басқа да заңды тұлғаларға қатысу туралы шешiмдер қабылдау; 

8) бюджеттi және қауымдастықтың (одақтың) қорлары туралы ережелердi қауымдастық (одақ) мүшелерi өкілдерi жалпы жиналысының бекiтуiне табыс ету; 

9) шарттар жасасуға сенiмхаттар беру; 

10) қауымдастықтың (одақтың) жарғысында белгiленген өзге де өкiлеттiк жатады. 

3. Қауымдастық (одақ) басқармасының отырысы қауымдастықтың (одақтың) жарғысында көзделген мерзiмдерде, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Егер қауымдастық (одақ) басқармасының отырысына оның мүшелерінің кемiнде жартысы, оның iшiнде қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы немесе оның орынбасары қатысса, қауымдастықтың (одақтың) басқармасы мәселелердi шешуге өкiлеттi. 

4. Қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы мен мүшелерi қауымдастық (одақ) жарғысында белгіленген мерзiмге сайланады. 

Қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы мен мүшелерi қауымдастық (одақ) мүшелерi өкілдерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша мiндеттердi (өкiлеттiктi) орындаудан кез келген уақытта босатылуы мүмкiн. Қауымдастық (одақ) басқармасының мерзiмiнен бұрын сайланған төрағасы немесе мүшесi қауымдастық (одақ) басқармасының алдыңғы төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады. 

5. Қауымдастықтың (одақтың) жарғысында қауымдастық (одақ) басқармасы төрағасының және оның орынбасарларының шешiмдердi қабылдау тәртiбi мен оларды ресiмдеу тәртiбi белгiленедi, сондай-ақ шешiм жеке-дара қабылдануы мүмкiн мәселелер айқындалады. 

6. Қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы, оның орынбасарлары мен басқарманың басқа да мүшелерi өздерi қабылдаған шешiмдерi қауымдастықтың (одақтың) жарғысына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

7. Қауымдастық (одақ) басқармасының мүшелерi қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясының мүшелерi (ревизоры) бола алмайды.
Статья 1 ...66 67 68 69 70 ...73

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться