Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы
13-бап. Халықты әлеуметтік жағынан қолдау

1. Экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа:

1) экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар:

Экологиялық апат - 1,5;

экологиялық дағдарыс - 1,3;

2) экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:

экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5

экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3

экологиялық дағдарыс жағдайына

жақындаған аймақ бойынша - 1,2

коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төлеу;

3) жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды

жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне):

экологиялық апат аймағы бойынша - 12 күнтізбелік күн

экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 9 күнтізбелік күн

экологиялық дағдарыс жағдайына

жақындаған аймақ бойынша - 7 күнтізбелік күн

беру белгіленеді;

4) еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) орындармен артықшылықпен қамтамасыз етілу құқығы беріледі.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1997.06.19. № 134 Заңымен, 13-баптың 2-тармағының қолданылуы 01.01.2000 дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.04.07. № 374 Заңымен , 13-баптың 2-тармағының қолданылуы 01.01.2003 дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.11.16. № 481 (01.01.2000 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2004.12.23. № 21 Заңымен (01.01.2005 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 Қаулысын қараңыз; 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...24

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться