Ст. 25 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
25-бап. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету
1. Жергілікті атқарушы органдар: 1) ұлттық стандарттарға сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға кіріп-шығуын;
2) тұрғын үй құрылыстары шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек ету объектілері жанында орналасатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдардың жеке автокөлік құралдарына арналған орындарды;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді ескере отырып, автомобильдерді қоса алғанда, арнаулы жүріп-тұру құралдарына apналған гараждар немесе тұрақтар салу үшін мүгедектігі бар адамдарға кезектен тыс орын беруді;
4) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ халық көп жүретін жерлерде ілесе дыбыстайтын және жарық беретін арнаулы бағдаршамдар, жол белгілерін және көрсеткіштер орнатуды, дыбыстайтын және жарық түсіретін құрылғылармен жарақталған жаяу жүргіншілер өтетін жерлерді белгілеуді қамтамасыз етуге тиіс.
2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар салынып жатқан (салынуы болжанып отырған) объектілер мен кешендердің мониторингіне қатысуға мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартуға тиіс.
3. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдарға ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп-шығуына, әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңіз және өзен порттарында еркін бағдар ұстануы мен жүріп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті.
Аталған объектілерді мүгедектігі бар адамдардың кіріп-шығуына бейімдеу мүмкін болмаған жағдайларда, тиісті жеке және заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін барынша ескеретін қажетті шараларды әзірлеп, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің бірімен келісуге және жүзеге асыруға тиіс.
Мемлекеттік органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізген кезде, мүгедектігі бар адамдардың пайдалануына бейімделген көлік құралдары бар тұлғалар артықшылыққа ие болады.
4. Лауазымды адамдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылымға және көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.
Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей