Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

2) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, осы Заңға сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі; 

3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заңға және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға; 

4) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға. 

Бұл ретте: 

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына осы арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс жерде басым қызмет түрлерін жүзеге асыруға жол беріледі; 

шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары ретінде көрсетілген арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер әрекет ете алады; 

5) басым қызмет түрлері – арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;  

5-1) бейінді емес қызмет түрлері – басым қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін, өңдеу өнеркәсібі салаларына жататын, шикізатты, материалдарды, заттарды, жаңа өнімге арналған құрамдастарды өңдеумен байланысты қызмет түрлері; 

5-2) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға – бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізілген және осындай қызметті арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын тұлға; 

5-3) бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт – бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын бірнеше тұлға мен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт; 

6) "бір терезе" қағидаты – өтініш берушілердің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында мемлекеттік және өзге көрсетілетін қызметтерді ұсыну нысаны;  

7) бірыңғай технологиялық процесс – бір басым немесе бейінді емес қызмет түрі шеңберінде өндіру процесінде орындалатын технологиялық жағынан өзара байланысты және дәйекті әрекеттердің (жұмыстардың) жиынтығы. Бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлерінің жиынтығы басым және (немесе) бейінді емес қызмет түрінің ажырамас бөлігі болып табылады және онымен біртұтастықты құрайды; 

7-1) ерекше индустриялық аймақ – аумағында халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол берілетін, жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құратын жекеше индустриялық аймақтың өзге түрі; 

7-2) ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – ерекше индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі құратын немесе айқындайтын заңды тұлға; 

8) жоба – арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушісінің, қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның басым немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушісінің немесе қатысушысының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістер мен көрсетілетін қызметтер құруды көздейтін іс-шаралар кешені; 

9) индустриялық аймақ – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ; 

10) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға; 

11) индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға; 

12) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, көрсетілетін байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер; 

13) қосалқы қызмет түрлері – арнайы экономикалық аймақтың аумағында оның қатысушылары болып табылмайтын тұлғалар жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметіне қызмет көрсету үшін қажетті қызмет түрлері; 

14) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар – осы Заңға сәйкес қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар; 

15) қызметті жүзеге асыру туралы шарт – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт; 

16) өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе оның орынбасары басқаратын, осы Заңға сәйкес функцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;  

17) өтініш беруші – арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына басым немесе бейінді емес, немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінішті не индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті беретін тұлға; 

18) сарапшылық кеңес – осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы, сондай-ақ республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы мәселелерін қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган; 

19) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться