Ст. 33 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
33-бап. Индустриялық аймақтардың жұмыс істеу шарттары
1. Республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде кемінде жиырма жыл мерзімге құрылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген индустриялық аймақтың жұмыс істеу мерзімі жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
3. Индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына индустриялық аймақтың құрылу мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі.
Басқарушы компания республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушыларына осы Заңға сәйкес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың негізінде жер учаскелерін береді.
Бұл ретте жер учаскелерін индустриялық аймақтың қатысушыларына беру үшін оларды бөлуді индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Мұндай бөлу кезінде таңдау тәсіліне жол берілмейді.
Жекеше индустриялық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жер учаскесіне уақытша пайдалану (жалдау) құқығы жекеше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына жер учаскесінің меншік иесі айқындайтын мерзімге беріледі.
Жер учаскелері жекеше индустриялық аймақтың қатысушыларына олар мен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шартында айқындалған мерзімге беріледі.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес басқарушы компания жер учаскесінің индустриялық аймақтың қатысушысының жобасын іске асыру үшін көзделген бөлігін осы жобада айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті. Бұл ретте өзімен көрсетілген шарт жасалған индустриялық аймақтың қатысушысы жобаны кезең-кезеңмен іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайларды қоспағанда, басқарушы компания осылайша резервке қойылған жер учаскелерін мұндай қатысушының келісуінсіз өзге тұлғаларға бере алмайды немесе өзгеше түрде иеліктен шығара алмайды.
4. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара түрде бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілері индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебіне берілуі мүмкін.
Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы уақытша пайдалануға берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара түрде бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін индустриялық аймақтың қатысушыларына сенімгерлік басқару немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарында көзделген талаптармен мүліктік жалдауға (жалға) немесе қосымша жалдауға (қосалқы жалға) бере алады.
5. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ құрылатын жер учаскелері бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Инфрақұрылым объектілерін салуды немесе реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Индустриялық аймақтың қатысушылары өздеріне берілген жер учаскесінің аумағында өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерін салуды өз қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы. Мұндай объектілерді салу индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
5-1. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік индустриялық аймақтың аумағында осы Заңның талаптарына сәйкес қызметін мемлекеттік индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте жер учаскесінің меншік иесімен мемлекеттік индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шарты жасалмайды.
6. Жекеше индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін олардың меншік иелері басқарушы компанияға – индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде, ал басқарушы компания индустриялық аймақтың қатысушыларына индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттарының негізінде уақытша пайдалануға (жалға) немесе уақытша өтеусіз пайдалануға береді.
Жер учаскесінің меншік иесі осы Заңның талаптарына сәйкес жекеше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы ретінде жекеше индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте жер учаскесінің меншік иесімен жекеше индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шарты жасалмайды.
Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттары негізінде индустриялық аймақтарды құру және дамыту тәжірибесі бар мемлекеттік емес заңды тұлға ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын жағдайда, мұндай меншік иесі өзін ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ретінде айқындауға құқылы.
Ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі ерекше индустриялық аймақ қатысушысының жобасында көзделген барлық объект пайдалануға берілгеннен кейін жер учаскелерін ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына сатуға құқылы.
7. Осы баптың 6-тармағының ережелері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған жекеше индустриялық аймақтар қатысушыларының жеке меншігіндегі жер учаскелеріне қолданылмайды.
8. Индустриялық аймақтардың аумағында мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде:
1) мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтердің уақтылы және сапалы ұсынылуын;
2) ұсынылатын мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін "бір терезе" қағидаты қолданылады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынуды республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өзге де көрсетілетін қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынуды тиісті индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы жүзеге асыруы мүмкін.
10. Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы: энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну.
Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының қызметі сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей