Ст. 32 Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV
Арнайы экономикалық аймақтар туралы
32-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар, оларды тарату туралы шешім қабылданғанға дейін немесе осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім аяқталғанға дейін өз мәртебесін сақтайды. Арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері басқарушы компания құрылғанға дейін, бірақ уәкілетті орган айқындаған мерзімнен аспайтын мерзімде басқарушы компаниялардың функцияларын орындай алады. 2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтарды басқару үшін тартылған оператор-компаниялар оларды жаңадан құрылған басқарушы компанияға бергенге дейін басқарушы компаниялардың функцияларын орындай алады.
Бұл ретте осы оператор-компаниялар осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап бір жылдан аспайтын мерзімде басқарушы компаниялардың функцияларын орындайды.
Басқарушы компанияның функцияларын арнайы экономикалық аймақтар үшін тартылған оператор-компанияның орындауы туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
3. Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі басқарушы компания құрылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей, басқарушы компанияға арнайы экономикалық аймаққа қатысты және басқарушы компанияның осы Заңда көзделген функцияларды орындауы үшін қажетті барлық құжаттар мен ақпаратты беруге міндетті, содан кейін осы әкімшілік таратылуға тиіс.
4. Басқарушы компания құрылған күннен бастап уәкілетті орган мен оператор-компаниялар арасында жасалған шарттар бұзылуға тиіс.
5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай қызмет түрлерi үшін міндетті талап болып табылмайды:
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдық пайдаланыла отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері);
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен ендіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.
6. Осы баптың 1 - 4-тармақтарында көзделген ережелер "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағына қолданылмайды.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.06.2014 № 208-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей