Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
19-бап. Қызметкердің қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер

1. Қызметкердің: 

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, саяси партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдап әрекет етуге, арнаулы мемлекеттік органдар жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұл оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға; 

5) өзінің қызметтік әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға; 

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға; 

7) лауазымдық өкілеттіктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметін жеке мақсаттарда пайдалануға; 

8) пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды немесе өзге адамдармен сөз байласу жолымен өзінің қызмет жағдайын пайдалануға; 

9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына; 

10) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уәкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқығы жоқ. 

Куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаруға әкеп соғады. 

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардағы өзінің меншігіндегі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлесін) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті, өзіне заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, қызметін өткеру уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шартын нотариат куәландыруға тиіс. 

Қызметкердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен, оның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыстар алуға құқығы бар. 

2-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерге арнаулы тексеру жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арнаулы мемлекеттік органдарға арнаулы тексеру жүргізуге жәрдемдеседі. 

3. Осы бапта көзделген шектеулерді сақтамағаны үшін жауаптылық осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді. 

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться