Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 26 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
26-бап. Арнаулы атақтар

1. Арнаулы мемлекеттік органдарда мынадай арнаулы атақтар белгіленеді: 

1) қатардағы құрам: 

қатардағы қызметкер; 

2) сержанттар құрамы: 

кіші сержант; 

сержант; 

аға сержант; 

3) кіші офицерлік құрам: 

лейтенант; 

аға лейтенант; 

капитан; 

4) аға офицерлік құрам: 

майор; 

подполковник; 

полковник; 

5) жоғары офицерлік құрам: 

генерал-майор; 

генерал-лейтенант; 

генерал-полковник. 

2. Қызметкерлердің арнаулы атақтарының алдында олардың мыналарға қатыстылығын көрсететін мынадай сөздер қосылады: 

1) ұлттық қауіпсіздік органдарына – "ұлттық қауіпсіздік"; 

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне – "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі"; 

3) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Запастағы азаматтардың арнаулы атақтарының алдына "запастағы", ал отставкадағыларға – "отставкадағы" деген сөздер қосылады. 

4. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімдері: 

офицерлік құрамға: 

лейтенанттарға – екі жыл; 

аға лейтенанттарға – үш жыл; 

капитандарға – төрт жыл; 

майорларға – бес жыл; 

подполковниктерге – жеті жыл белгіленеді; 

полковниктер мен одан жоғарыларға – белгіленбейді; 

қатардағы мен сержанттық құрамға – белгіленбейді. 

Оқу мерзімі бес жыл жəне одан көп болатын әскери, арнаулы оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер үшін лейтенант арнаулы атағында еңбек сіңіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді. 

Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...24 25 26 27 27‑1 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться