Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
33-бап. Бастықтың қарамағына жіберу

1. Қызметті одан әрі өткеру мәселелерін шешу үшін қызметкерлерді лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам бұйрықтар шығару құқығы бар уәкілетті басшының қарамағына жіберуі мүмкін. 

2. Осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда жəне мерзімдерге қызметкерді уəкілетті басшының қарамағына жіберуге жол беріледі. 

Қарамағында болу мерзіміне демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде, ал олар қызмет өткеру орны бойынша болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер болмаған жағдайда – медициналық ұйымдарда емделуде болған кезеңдер есептелмейді. 

3. Қарамағында қызметкерлер бар лауазымды адамдар олардың лауазымдық міндеттерінің тізбесін бекітеді. 

4. Қызметкер: 

1) оны басқа лауазымға тағайындау кезінде уәкілетті басшының қарамағында екі айдан аспайтын мерзімде болу; 

2) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар (штаттардың қысқаруы) өткізуге байланысты уәкілетті басшының қарамағында үш айдан аспайтын мерзімде болу; 

3) қызметкерді тең лауазымға ауыстыру мүмкіндігінің болмауына байланысты уәкілетті басшының қарамағында алты айдан аспайтын мерзімде болу; 

4) қызметкерге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін уәкілетті басшының қарамағында болу; 

5) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберілу; 

6) қолданыстағы резервте болу; 

7) мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының (осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда) және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу үшін оқу демалысының берілуіне байланысты оқу жоспарында айқындалған мерзімге уәкілетті басшының қарамағында болу; 

8) ақшалай ризық сақталмай шетелге қызметке, оқуға жіберілген қызметкер, құқық қорғау органдарының қызметкері немесе әскери қызметші – жұбайымен (зайыбымен) бірге болған кезде қызметкерлердің уәкілетті басшысының қарамағында болу; 

9) Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес білім алуға байланысты уәкілетті басшының қарамағында болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін. 

Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться