Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 51 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
51-бап. Қызметтен шығару тәртібі

1. Қызметкерлерді қызметтен запасқа немесе отставкаға шығару лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес бұған құқығы бар уәкілетті лауазымды адамның бұйрығымен жүргізіледі. 

2. Қызметкерді жеке құрам тізімдерінен шығару арнаулы мемлекеттік органдарда белгіленген мерзімдерде істер мен лауазымды тапсырғаннан кейін жүргізіледі. 

3. Қызметкер еңбек демалысында, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда жеке құрам тізімінен алып тастау жүргізілмейді. 

4. Қызметте болудың шекті жасына жету немесе келісімшарт мерзімінің аяқталуы туралы қызметкерді уәкілетті басшы алдын ала жазбаша түрде (бірақ бір айдан кешіктірмей) хабардар етеді. 

Қызметтен алдағы шығару туралы қызметкерге хабарлағаннан кейін оны қызметтік іссапарға жіберуге тыйым салынады. 

5. Қызметкерді қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді-көшірме оған қол қойғызыла отырып, назарына жеткізіледі. Қызметкер орган орналасқан жерден тыс жерде жүрген жағдайда, қайтып оралғаннан соң бұйрықтан үзінді-көшірме оның назарына жеткізіледі. 

Бұйрықтан үзінді-көшірме қызметтен босатылатын қызметкердің жазбаша өтініші негізінде ғана беріледі. 

5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінен шығарылған адамдардың қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар. 

6. Қызметкерді қызметтен шығару үшін бірнеше негіз болған жағдайда, теріс себептер бойынша қызметтен шығару жағдайларын қоспағанда, ол өзі таңдаған негіз бойынша қызметтен шығарылады. 

7. Қызметкерлерді денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығару арнаулы мемлекеттік органның кадр аппараты әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін жүргізіледі. 

8. Алып тасталды – ҚР 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілуіне байланысты қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар əскерге шақырылушыларды немесе əскери міндеттілерді əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына жіберіледі. Бұл ретте əскерге шақыру бойынша қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген курсанттар, тыңдаушылар əскерге шақыру бойынша əскери қызмет мерзімі өткенге дейін жалпы негіздерде əскери қызметке одан əрі шақырылады. 

10. Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуына байланысты қызметкерлерді қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен уəкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күннен бастап уəкілетті басшының шешімімен жүргізіледі. 

11. Мемлекеттік органдарға (мекемелерге) қызметке ауысуына байланысты қызметтен шығару мемлекеттік қызметші лауазымын көрсете отырып, қызметкердің қызметке қабылдануы туралы мемлекеттік органның (мекеменің) тиісті хабарламасы келіп түскен кезде қызметкердің баянаты бойынша жүргізіледі. 

12. Алып тасталды – ҚР 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13. Арнайы тексеру нәтижелері бойынша одан әрі қызмет өткеру мүмкін болмауына байланысты қызметтен шығару қызметкерді мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеуді талап етпейтін лауазымға тағайындау мүмкін болмаған кезде арнайы тексеру нәтижелері бойынша оған мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда жүргізіледі. 

13-1. Уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша атқаратын лауазымына сəйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару уəкілетті басшының бұйрығымен жүргізіледі. 

14. Теріс себептер бойынша қызметтен шығару мынадай жағдайларда: 

1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде – арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен соттың айыптау үкімі және оны орындау туралы өкім негізінде; 

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғанда – келіп түскен сот үкімінің және оның заңды күшіне енуі туралы өкімнің немесе прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органының қаулысы негізінде; 

3) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтік міндеттерін атқару кезінде психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну немесе масаң күйде болу фактісі анықталғанда, сондай-ақ одан өтуден бас тартқанда немесе жалтарғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша; 

4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтен тыс уақытта есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісі анықталғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша; 

5) қызметкер келісімшарт талаптарын орындамағанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша; 

6) жасалған күніне қарамастан, осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмағанда немесе бұрмаланғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;  

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы атақтан айырылғанда – арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен соттың айыптау үкімі және оны орындау туралы өкім негізінде; 

8) қызметте қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себептерсіз болмағанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша; 

9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге немесе жоғалтуға, оларды жеткізгіштерді жоғалтуға алып келген, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптар бұзылғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша; 

10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда; 

11) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кір келтіретін теріс қылық жасалғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі. 

Қызметкерлердің мынадай әрекеттері, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтің беделін анық түсіретін әрекеттері, атап айтқанда:  

қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу; 

қызмет бабын пайдалана отырып жұмыстар орындау мен қызметтер көрсету және сол үшін сыйақы алу; 

бюджет қаражатына немесе мемлекеттік мүлікке тікелей қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер уәкілетті басшы тарапынан оған деген сенімді жоғалтуға негіз берсе; 

қызметкердің арнаулы киім нысанында қоғамдық орынға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын, алкогольдік немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынудан туындаған өзге де масаң күйде келуі;  

ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады. 

15. Қызметкер Қазақстан Республикасы Парламенті немесе жергілікті өкілетті органдар депутаттығына сайланған немесе тағайындалған жағдайда сайлау қорытындыларының тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы негізінде мезгілінен бұрын қызметтен шығуға құқылы. 

16. Егер ол судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған жағдайда, қызметкер оны тағайындау туралы тиісті актінің немесе оны сайлау туралы уәкілетті органның хабарламасы негізінде мерзімінен бұрын қызметтен шығуға құқылы. 

17. Қызметтен шығатын қызметкерлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы (әскери) оқу орындарынан шығарылған курсанттар қызметтік куәліктері мен жетондарын тапсырады. 

18. Уәкілетті басшының бұйрығымен жеке құрам тізімдерінен оны алып тастаған күн қызметкерді қызметтен шығару күні болып есептеледі. 

Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VІ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться