Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 63 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
63-бап. Көтермелеулер

1. Көтермелеу – қызметкерді тәрбиелеудің және қызметтік тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылатын оның қызметтік әрекетіне берілген оң баға. 

2. Көтермелеу қызметтік міндеттерін адал және ынтамен атқаратын және қызметтік борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге қатысты қолданылады. 

3. Басшы осы Заңда өзіне берілген құқықтар шегінде бағынысты қызметкерлерді міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметтік әрекетте қол жеткізген жетістіктері үшін көтермелеуге міндетті. 

Басшы өзіне берілген құқықтарды жеткіліксіз деп санаған жағдайда, ол ерекше көзге түскен қызметкерлерді жоғары тұрған басшының құқығымен көтермелеу туралы өтініш жасауы мүмкін. 

4. Ерекше көзге түскен қызметкерлер ерліктері мен мемлекет алдында сіңірген еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актісі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде атаулы қарумен марапатталуы мүмкін. 

5. Ерекше сіңірген еңбектері үшін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталуға ұсынылуы мүмкін. 

6. Қызметкерлерге сонымен қатар мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін: 

1) бұрын қолданылған жазаны алып тастау; 

2) әскери, арнаулы оқу орнының орналасқан жерінен кезектен тыс босату (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары үшін); 

3) алғыс жариялау; 

4) ақшалай сыйлықақымен марапаттау; 

5) бағалы сыйлықпен марапаттау; 

6) грамотамен марапаттау; 

7) ведомстволық медальдармен, төсбелгімен және арнайы белгілермен марапаттау; 

8) құрметті атақ беру; 

9) арнаулы мемлекеттік орган бөлімшесінің Құрмет кітабына енгізу; 

10) әскери, арнаулы оқу орнын алтын медальмен аяқтаған әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының тегін Құрмет тақтасына жазу, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орнын оқуда ең үздік көрсеткіштермен аяқтағандар арасынан көтермелеу ретінде бірінші, екінші, үшінші курсанттарды, тыңдаушыларды анықтау; 

11) кезекті арнаулы атағын мерзімінен бұрын беру; 

12) кезекті арнаулы атағын атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары беру. 

Осы тармақта көзделген көтермелеулерді қолдану тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды. 

7. Көтермелеу түрін айқындаған кезде қызметкердің сіңірген еңбегінің немесе ерекшелігінің сипаты, сондай-ақ оның қызметке деген бұрынғы ынтасы назарға алынады. 

8. Арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бір мезгілде қолданылуы мүмкін грамотамен және ақшалай сыйлықақымен марапаттау түріндегі көтермелеуін қоспағанда, қызметкерге дәл сол бір ерекшелігі үшін бір ғана көтермелеу жариялануы мүмкін. 

9. Тәртіптік жазасы бар қызметкер бұрын қолданылған жазасын алып тастау арқылы көтермеленеді. Тәртіптік жазаны алып тастау құқығы жазаны қолданған уәкілетті басшыға, сондай-ақ жоғары тұрған басшыға тиесілі. 

10. Көтермелеу түрінде бір уақытта тек бір тәртіптік жаза алынып тасталуы мүмкін, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен көтермелеулердің басқа түрлері қолданылмайды. 

11. Басшының және уәкілетті басшының тәртіптік жазаны, егер ол өзінің тәрбиелік рөлін атқарса, қызметкер жаңадан теріс қылық жасамаса және өз тәртібін қызметтік борышын адал орындаумен түзесе, алты ай өткенге дейін алып тастауға құқығы бар. 

12. Көтермелеулер сап алдында немесе қызметкерлер кеңесінде жарияланады. 

Көтермелеулер туралы бұйрықтарды жариялау, сондай-ақ ерекше көзге түскен қызметкерлерге наградалар тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі. 

Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...61 62 63 64 65 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться